Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Жауын-бұршақ, жел - жұма күніне арналған ауа райы

Жауын-бұршақ, жел - жұма күніне арналған ауа райы

Kyzylorda-news.kz. Синоптиктердің болжауынша жұма күні елімізде жел күшейіп, кей жерлерде жауын немесе бұршақ жауады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

31 мамырда атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты еліміздің кей жерлерінде жаңбыр жауады, республиканың оңтүстік-шығысында және батыста күн арйы ашық болады. Кей өңірлерде күн күркірейді, жел күшейіп, дауыл күтіледі, бұршақ жаууы ықтимал.
Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде дауыл, бұршақ күтіледі, түнде кей жерлерінде жел күшейеді 15-20 м/с, күндіз басым бөлігінде 15-20 м/с, кей жерлерінде екпіні 25 м/с жетеді.
Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде дауыл күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді, күндіз бұршақ жаууы мүмкін. Павлодар, Қостанай, Түркістан, Ақмола облыстарының күндіз кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, Түркістан облысында бұршақ жаууы мүмкін.
Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында жел 15-20 м/с жетеді. Маңғыстау облысының күндіз кей жерлерінде бұршақ жаууы мүмкін.
Ақтөбе, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Түркістан, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде жоғары өрт қауіпі сақталады.

31 мамыр 2019 ж. 321 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
2425262728 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области