Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Арал қаласындағы көше комитеттерінің құрылғанына 20 жыл

Арал қаласындағы көше комитеттерінің құрылғанына 20 жыл

Kyzylorda-news.kz. Арал қаласы бойынша көше комитеттерінің құрылғанына 20 жыл толды.
Осыған орай, аудандық мәдениет үйінде «Туған жерім – Тұғырым» атты мерекелік шара өтті.
Қазіргі таңда Арал қаласындағы 207 көшеде 141 көше комитеті қаланың тазалығы мен тыныштығын сақтауда және тұрғындар арасындағы түйткілді мәселелердің оңтайлы шешілуіне өз үлестерін қосып келеді.
«Осыдан тура 20 жыл бұрын, 1999 жылдың 31 мамыры күні қалада көше комитеттерін құру бастамасы көтеріліп, бірауыздан қолдау тапқан болатын. Мұндағы басты мақсат – халық пен билік арасында тығыз қарым-қатынас орнатып, тұрғындар арасындағы маңызды мәселелерді шешу жолдарын қарастыру болды. Содан бері өздеріңізге артылған сенімді әлі күнге дейін зор жауапкершілікпен атқарып келе жатқан Сіздерге айтар алғысым мол» - дейді аудан әкімі Мұхтар Оразбаев.
Жиын барысында ұзақ жылдар бойы ауданның қоғамдық өміріне белсене араласып, қаланың гүлденуі жолында еңбек етіп келе жатқан бірқатар көше комитеттері Арал ауданы әкімдігінің және аудандық мәслихаттың «Құрмет грамотасымен», «ҚР Экология саласына 30 жыл медалімен», «Қызылорда қаласына 200 жыл» мерекелік медалімен, «Алаш парызы» қоғамдық қорының «Бөкенбай Қарабатырұлы» медалімен, Бауыржан Момышұлының «Батыр Шапағаты» медалімен және аудан әкімінің «Алғысымен» марапатталды.
Мерекелік шара аудан өнерпаздарының концерттік бағдарламасына ұласты.


31 мамыр 2019 ж. 403 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
2425262728 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области