Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » 7-20-25: Ипотека алушының нотариустық шығындары 10 мың теңгеден аспауы керек

7-20-25: Ипотека алушының нотариустық шығындары 10 мың теңгеден аспауы керек

Kyzylorda-news.kz. «7-20-25» бағдарламасы бойынша ипотекалық қарыз алған азамат жекеменшік нотариустан куәландыру қызметі үшін артық төлеген қаржысын қайтарып алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

2018 жылғы тамызда қарыз алушы «7-20-25» ипотекалық бағдарламасы аясында сатып алған жылжымайтын мүлкін сатып алу-сату шартын куәландыру үшін Алматы қаласының жекеменшік нотариусына жүгінген. Нотариус жылжымайтын мүлікті иеліктен шығару туралы шартты куәландырғаны үшін 10 АЕК-тен және техникалық және құқықтық сипаттағы қосымша қызметтер көрсеткені үшін 7 АЕК-тен құралатын 42 925 теңге (17 АЕК) мөлшеріндегі соманы өндіріп алған.
Кейін клиент Қазақстан Республикасының заңнамасын басшылыққа ала отырып, нотариусқа жүгініп, одан заңсыз ұсталған соманы қайтаруды талап етеді. Қазақстан Республикасының Салық кодексіне және «Нотариат туралы» ҚР Заңына сәйкес ипотекалық тұрғын үй қарызының қаражаты есебінен сатып алынатын жылжымайтын мүлікті сатып алу-сату шартын куәландыру бойынша нотариаттық қызметтің құны нотариаттық іс-әрекеттерін жасағаны үшін мемлекеттік баждың құнынан (2 АЕК) және техникалық және құқықтық сипаттағы нотариаттық іс-әрекеттері құнынан (2АЕК) құралады және 4 АЕК болады.
Алайда, нотариус талап етілетін соманы қайтарудан бас тартып, осыдан кейін қарыз алушы сотқа жүгінген. «Баспана» ипотекалық ұйымы қарыз алушының дәлелдерін қолдай отырып, сотқа «7-20-25» бағдарламасы шеңберінде тұрғын үйді сатып алу тәртібі мен талаптары туралы түсініктеме берді. Нәтижесінде клиент азаматтық істі жеңіп, артық төлеген 32 825 теңге мөлшеріндегі соманы қайтарып алды.
«Тұрғын үйді ипотека есебінен сатып алған жағдайда, қарыз алушылардың шығындары 2019 жылы 4 АЕК немесе 10 100 теңге болуы тиіс», - деп атап көрсетті ипотекалық ұйым басшылығы.
Маусымның басындағы жағдай бойынша, нотариустар «7-20-25» бағдарламасы бойынша тұрғын үйді сатып алу-сатудың 6 700 шартын куәлендірген.

03 маусым 2019 ж. 325 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области