Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » » АҚШ АУҒАНСТАНҒА ЖҮК ТАСЫМАЛДАУ ҮШІН ҚАЗАҚСТАННАН ҚОСЫМША ТРАНЗИТТІК БАҒЫТ СҰРАП ОТЫР

АҚШ АУҒАНСТАНҒА ЖҮК ТАСЫМАЛДАУ ҮШІН ҚАЗАҚСТАННАН ҚОСЫМША ТРАНЗИТТІК БАҒЫТ СҰРАП ОТЫР


    Америка Ақтау мен Құрық портын пайдаланып, Әзірбайжан арқылы келетін тауар тиелген контейнерлерін соғыс болып жатқан Ауғанстанға жеткізбек. Вашингтонның бұл өтінішін Мәжіліс мақұлдады. Толығырақ төменгі палатаның жалпы отырысынан оралған КТК арнасының тілшісі Жәудір Оразхан хабарлайды.
    - Депутаттар қолдаған келісімде АҚШ  Ақтау мен Құрық арқылы Ауғанстанға арнайы жүк тасиды деп жазылған. Ол қандай тауар? Сыртқы істер министрі контейнерлерде нақты не болатындығын  айтты ма?
    -Әбдірахманов әзірге коммерциялық контейнерлерде қандай тауар болатынын өзім де білмеймін деп отыр. Бірақ, қару-жарақ , әскери зат емес екені анық дейді министр. Негізі, АҚШ бұған дейін де еліміз арқылы темір жолмен Ауғанстанға тауар тасып келген. Мәселен, 8 жылда 13 мыңнан астам тонна зат  тасымалданыпты. Енді Америка Үкіметі транзиттік бағытты кеңейтуді сұрап отыр. Яғни, АҚШ Ақтау мен Құрық порттарын пайдаланып, Әзірбайжан территориясындағы тауарды Сарыағаш-Келес немесе Бейнеу-Қарақалпақстан  темір жол станциясы арқылы Өзбекстанға әрі қарай Ауғанстанға жеткізбек.  Айта кету керек, контейнерлерді амеркиалықтардың өзі алып өтеді.
    Қайрат Әбдірахманов, ҚР Сыртқы істер министрі:
    - Қосылған персонал болса, өздерінің ғана жүкті тасымалдауды қамтамасыз ететіт адам болады. Олардың біздің жерімізде ешқандай шығатын болса, ешқандай ерекше иммунитеттері болмайды. Өйткені, жеріміздегі тәртіп ұлттық заңнамаға сәйкес болады. Өзіміздің азаматтар қатысу көзделмеген. Еліміз ауғанстанға тұрақты түрде әлеуметтік көмек көрсетіп келеді. Сыртқыт істер министрінің айтуынша, Қазақстан қанды қырғын болып жатқан елге аурухана, мектеп, көпір салуға қаржы бөлген.
    Қайрат Әбдірахманов, ҚР Сыртқы істер министрі:
    - Қазақстанның жоғары оқу орындарында 1000 астам ауған жастары білім алған болатын. оған кезінде біздің Үкімет 50 миллион АҚШ доллар ретінде қаржы бөлген болатын Сонымен қата,  қазір біз БҰҰ тұрақты емес мүшесі ретінде  осы елдің дамытуына үлкен орасан үлесімізді қосып жатырмыз.

12 наурыз 2018 ж. 564 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области