Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Бақтыбай Бердібаев туралы естелік кітап жарыққа шықты (ФОТО)

Бақтыбай Бердібаев туралы естелік кітап жарыққа шықты (ФОТО)

Kyzylorda-news.kz. Ә.Тәжібаев атындағы облыстық ғылыми кітапханасында аймақтың БАҚ саласына елеулі еңбегі сіңген, қарымды журналист, Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері Бақтыбай Бердібаев туралы «Қоңыр дауысты қаламгер» атты естелік туындының тұсауы кесілді.

Мазмұнды шараға өңірдің белгілі ақын-жазушылары, Қорқыт ата атындағы ҚМУ-дің оқытушылары, белгілі ғалымдар БАҚ өкілдері, ЖОО студенттері қатысты.
Шараның тізгінін ұстаған Қорқыт ата атындағы ҚМУ-дің доценті, филология ғылымдарының кандидаты Алдажар Әбілов қарымды журналист Бақтыбай Смайылұлының өмір жолынан өнегелі естеліктер айтып, адал қызметі мен азаматтық болмысын биік бағалады.
Бұдан әрі Қорқыт ата атындағы ҚМУ-дің доценті филология ғылымдарының кандидаты Шанжархан Бекмағанбетов, «Сыр бойы» газетінің бас редакторы Қуат Шарабидинов, ардагер журналистер Жұматәлі Әбдіраман, Бейбітбек Бүркітбайұлы, ұзақ жыл бірге қызметтес болған Ыдырыс Тәжіұлы, Б.Бердібаевтың туыстары, сыныптастары естеліктер айтты.
Белгілі жырау, Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері Берік Саймағанбетов жиылған көпті жырмен сусындатты. Осылайша, Ертай Айғалиұлы ағамыз айтқандай, «Сыр елінің Байжанбаевы» Бақтыбай Бердібаевтың өмірі мен шығармашылығы қамтылған «Қоңыр дауысты қаламгер» атты жаңа кітап оқырманға жол тартты.


06 қыркүйек 2019 ж. 548 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области