Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » КӨКТЕМ МЕН ЖАҢАРУДЫҢ МЕРЕКЕСІ – МАСЛЕНИЦА

КӨКТЕМ МЕН ЖАҢАРУДЫҢ МЕРЕКЕСІ – МАСЛЕНИЦА


    Масленица мерекесі – халқымыздың асыға күтетін мерекелерінің бірі. Кеше, яғни 18-ақпанда Қызылордадағы «Достық» үйінде «Славяне» қоғамдық мәдени-орталығы» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Масленица» мерекесі өтті.
    Дәстүрлі Масленица – қысты шығарып салу мен көктемді қарсы алуға арналған Ұлы ораза алдындағы бір апта бойына жалғасатын мереке. Шараға облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының, этномәдени бірлестіктің мүшелері, қала тұрғындары мен БАҚ өкілдері қатысты.
    Халқымыздың «Ырыс алды – ынтымақ» деген қанатты сөзінің астарында үлкен мән бар. Ел бірлігі, достық пен бауырмалдық, бейбіт күннің, татулықтың мән-мағынасын ұғынған әртүрлі этнос өкілдерінің мейрамдары біздің өңірде жыл сайын әспеттеліп, тойланады.
    Салтанатты шарада «Қоғамдық келісім» КММ директоры Уалихан Ибраев барлық қатысушыларды мерекемен шын жүректен құттықтап өтті. Ал,  «Славяне» қоғамдық мәдени-орталығы» қоғамдық бірлестігі жетекшісінің орынбасары Татьяна Данилина олардың шараларында әрдайым белсенділік танытып жүрген орта мектептерге ризашылығын білдіріп, бірлестік атынан сый-сияпат көрсетті.
    Масленица – бір күн емес, бір апта бойы тойланды. Әрі әр күнді  тойлаудың өзіндік ерекшелігі болды. Дүйсенбі кездесу күні, сейсенбі ойын ойналды, сәрсенбі тәтті тамақ пісірілсе, бейсенбі серуен басталды, ал жұма қайын ененің үйінде қонақта болса, сенбі қайын апа шаңырағында жүздесу, ал жексенбі күні кешірім сұрау басталды.     
    Әсем ән де, ұлттық киімдермен жасанған көркемөнерпаздардың мың бұралған билері де бұл күннің шырайын келтіре түсті. Шарада «Сударушки» вокалды ән тобы,  флеш моб билер, көңіл көтеретін тақпақтар орындалды. Сондай-ақ, тәттілер мен қолөнер туындылары көрмеге қойылды. Ал, Масленица мерекесінің дәстүрлі тағамы құймақ тұрғындарға тегін таратылды. Шеңбер пішіндес құймақ күн бейнесін кескіндеп, көктем мен жылылықтың символын, мерекенің бұлжымас белгісін айшықтап тұрғандай көрінеді. Спорттық ойындар ұйымдастырылып, қуыршақты жағу рәсімін де көпшілік қызыға тамашалады.
    Облыстық Қазақстан халқы
     ассамблеясының баспасөз қызметі




19 ақпан 2018 ж. 911 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области