Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » НАҒИМА АХМАДЕЕВАНЫҢ 100 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН КЕШ

НАҒИМА АХМАДЕЕВАНЫҢ 100 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН КЕШ


    Қызылордада облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы және татар этномәдени бірлестігінің ұйымдастыруымен Нағима Абдулқызы Ахмадееваның 100 жылдығына арналған кеш өтті.
    Шара Нағима Абдулқызының өмір жолынан сыр шертетін көрмемен басталды.
    Оған облыс әкімінің орынбасары Руслан Рүстемов, Астана қаласындағы «Таң» татар-башқұрт орталығының жетекшісі Рафик Валиев, облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының өкілдері мен құрылымдары, татар этномәдени бірлестігі және өзге де этномәдени бірлестіктің мүшелері, Нағима Ахмадееваның шәкірттері, қаладағы №112 орта мектептің ұжымы және БАҚ өкілдері қатысты.
    Салтанатты шараны облыс әкімінің орынбасары Руслан Рүстемұлы ашты.  
    Нағима Абдулқызы 1918 жылы 5 наурызда Солтүстік Қазақстан облысының Петропавл қаласында дүниеге келген. Семей мұғалімдер институтын бітірген соң бірнеше білім орадаларында басшылық қызметте, партия комитеттерінде меңгеруші, хатшы қызметтерін атқарды. 1952 жылы Қызылорда қаласының №112 орта мектепке басшылық қызметке тағайындалып, мектепті 26 жыл басқарды. Халық ағарту саласындағы ерен еңбектері үшін Қаз ССР Жоғарғы Советінің Президиумы Жарлығымен 1957 жылы 11 қазанда «Қазақ ССР-нің еңбек сіңірген мұғалімі» құрметті атағы берілген.
    Нағима Абдулқызы тек директор ғана емес аяулы ана, асыл әже, қамқоршы жолдас, адал дос бола білді. Бала шын ниетпен, ақ көңілмен жақсы көрген адамды сыйлайды. Ал Нағима Абдулқызында осы қасиеттер берік қалыптасқан болатын. Осы күнге дейін сақталған тәрбиелік мәні зор мектепшілік тарихи дәстүрлердің бастауының артында кішкентай болсада қажыр-қайраты зор, тура да шыншыл, талапшыл, мейірімді Нағима Абдулқызы Ахмадеева тұр.
    Зейнетке шыққаннан кейінде 1990 жылы татар этномәдени бірлестігінің ұйымдастырушысы әрі директоры қызметін атқара жүріп тарихты, тілді, мәдениет пен салт-дәстүрлерді білуге азаматтарға міндет қоя білді. Татар этномәдени орталығының белсенді жұмыстары бағаланып, 2001 жылы «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 10 жыл» медалімен Нағима Адбулқызы Ахмадеева марапатталды. Аяулы жан бейнесі қалың көпшіліктің жадында сақталып қалды.
    Кеш аясында ұстаздың ұлы қасиеттері туралы оның шәкірттері мен қонақтар естеліктермен бөлісті. Сондай-ақ, Нағима Абдулқызымен бірге жұмыс істеген ізбасарлары, жақын жандары және татар этномәдени бірлестігінің белсенді мүшелері марапатталды.
    Кеш концертке ұласты.
    Облыстық Қазақстан халқы
    ассамблеясының баспасөз қызметі





19 наурыз 2018 ж. 587 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области