Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » «ПОЭЗИЯҒА ҚҰШТАРМЫН» АТТЫ ЖАС АҚЫНДАР АРЕНАСЫ ӨТКІЗІЛДІ

«ПОЭЗИЯҒА ҚҰШТАРМЫН» АТТЫ ЖАС АҚЫНДАР АРЕНАСЫ ӨТКІЗІЛДІ


Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында «Жауқазын – ғұмыр» клубының ұйымдастыруымен «Поэзияға құштармын» атты жас ақындар аренасы өткізілді.
Шара мақсаты – Қызылорда қаласындағы жас ақын-жазушылардың шығармашылық деңгейін көтеруге, рухани-әдеби ортаның қалыптасуына, жас дарындардың жаңа көзқарастарын дамытуға жағдай жасау. Кітапхана мен оқырманды, оқырман мен автордың арасын жақындастыру. Жас ақындарды еліміздің белгілі тұлғаларымен еркін пікір алысуына мүмкіндік туғызу, оқырмандармен шығармашылық кештер, кездесулер ұйымдастыру.
«Поэзияға құштармын» атты ақындар аренасында жас буын оқырмандар өз туындыларын және сүйікті ақындарының өлеңдерін мәнерлеп оқыды.
Сонымен қоса, жаңадан келген оқырмандар арасынан іріктеліп «Жауқазын ғұмыр» клубына жас ақын - жазушылар қосылды.
01 қазан 2018 ж. 587 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области