Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » БАБА РУХЫН ҰРПАҚТАРЫ ҰЛЫҚТАДЫ

БАБА РУХЫН ҰРПАҚТАРЫ ҰЛЫҚТАДЫ


    Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласы аясында Таң ауылдық округінде Ұлы Отан соғысының ардагері Əубəкір Есжанұлының 100, Батыр ана Алтын Ұлықызының 90 жылдығына арналған облыстық жыраулар фестивалі өтті. Фестивальді аудан əкімінің орынбасары Ж.Тажмаханов жəне аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы С.Әлиев ашып, республикаға белгілі айтыскер ақын А.Рахметов жыр арнады.
    Шараға есімдері дүйім жұртқа танымал жыраулар А.Тəңірбергенов, М.Сүгірбай, К.Түрікпен, Д.Ахметов, Н.Нұрбаевтар қатысып, көпшілік қауымның ыстық ықыласына бөленді. Шара соңында С.Ыдырысов пен А.Рахметов ел назарына ұстаз бен шəкірттің айтысын ұсынды. Тыңдарман қауымды ән-жырмен сусындатқан термеші жыраулар фестиваль соңында арнайы дипломдармен және сыйлықтармен марапатталды.
    Артынша көпшілік күткен бәйге басталды. Еліміздің әр түкпірінен келген жүйріктер сайын даланы дүбірге бөледі.  
    Баба рухына арналып, құран бағышталды, үлкен ас берілді. Асқа келіп, алақан жайғандар еліміздің ынтымақ-бірлігі ыдырамауын тілесті.





27 қараша 2017 ж. 806 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области