«ЖАҢАҚОРҒАН» БАСКЕТБОЛШЫЛАРЫ БИІКТЕН КӨРІНДІ
Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласындағы міндеттерді орындау аясында Жаңақорған кентіндегі денешынықтыру-сауықтыру спорт кешенінде баскетболдан атом өнеркәсібінің ардагерлері Евгений Иванин мен Пернебай Өтебаевты еске алуға арналған аудандық турнир өтті.
ҚР Тәуелсіздігі күні мерекесіне орай аудан әкімдігі мен "Қызылқұм" ЖШС бірлесіп ұйымдастыруымен өткен жарыстың ашылуында атом саласының өкілдері елімізде еңбек адамы әрдайым құрметтелетінін атап өтті.
Аудандық турнирде "Жаңақорған" командасы топ жарып бірінші орынға көтерілсе, екінші орын "РУ-6" ЖШС командасына бұйырды.
"СКЗ-U" ЖШС баскетболшылары үшінші орын тұғырына шақты.
Турнирдің "Үздік командасы" номинациясына "Қызылқұм" ЖШС командасы ие болса, "Үздік ойыншы" аталымы осы команда сапындағы Роман Гордиевке берілді.