Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Мұнайшылар өрт қауіпсіздігі бойынша сынға түсті

Мұнайшылар өрт қауіпсіздігі бойынша сынға түсті

Kyzylorda-news.kz. Ақшабұлақ кен орнындағы өрт сөндіру депосында Қазақстан мұнайының 120 жылдығына арналған іс-шаралар аясында серіктестік және ұзақ мерзімді мердігерлік ұйымдар қызметкерлері арасында "Өрт қателікті кешірмейді" атты өрт қауіпсіздігі бойынша бірінші байқау өтті.

Турнирге барлығы он төрт команда қатысты. Оның ішінде тоғыз команданы «Қазгермұнай» БК» ЖШС өндірістік бөлімшелері мен кеңсесі және бес команда ұзақ мерзімді мердігерлік ұйымдар таныстырды.
Жарыс жаттығудың екі түрін қамтыды: тәжірибелік және теориялық бөлімдерден тұратын өрт сөндіру эстафетасы және жауынгерлік қанат жаю. Байқауға қатысушылар байқаудың барлық шарттарын орындап қана қоймай, сонымен қатар өз дағдыларын жетілдіріп, өрт сөндіру құралдарын қолдану тәсілдерін және төтенше жағдай кезінде командада жұмыс істеу әдістерін көрсетті.
Нәтижесінде жүлделі І орын – Ақшабұлақ кен орнының энергия қызметі командасына бұйырды. ІІ орынды – мұнайды дайындау және айдау цехының командасы жеңіп алды. Ал, ІІІ орынды – газ дайындау және тасымалдау цехының командасы иемденді.
Барлық жүлдегерлерге құрмет грамоталарымен және естелік сыйлықтар табысталды.
Айта кетейік, аталған турнирді ««Қазгермұнай» БК» ЖШС жыл сайын дәстүрге айналдырып, қатысушыларының санын көбейтуді жоспарлап отыр.
29 тамыз 2019 ж. 501 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области