Қызылорда облысының спорт басқармасы республикада тағы да үздік деп танылды
Kyzylorda-news.kz. Алматы қаласында Қазақ Спорт жəне Туризм академиясы мен «Спорт жұлдыздары» республикалық журналының ұйымдастыруымен республикалық "Жыл үздіктері -2019" номинациясының жеңімпаздары марапатталды.
1. «Үздік спорт басқармасы» - Қызылорда облысының дене шынықтыру жəне спорт басқармасы.

Басшысы: Акимов Олжас Азатұлы.
Айта кетейік, биылғы жылы спорт басқармасы екінші рет үздік атанып отыр.
2. «Үздік спорт мектебі» - Облыстық жоғары спорт шеберлігі мектебі
Директоры: Каленов Бағдат Кендебайұлы.
3. «Үздік спортқа жанашыр аудан әкімі» – Жалағаш ауданының əкімі Сәрсенбаев Қайратбек Әубəкірұлы
4. «Үздік бапкер» - Еркін күрестен ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы Əбутəліп Аманов.
5. «Үздік спортшы» - Бокстан Əлем чемпионатының қола жүлдегері Тұрсынбай Құлахмет.
6. «Үздік федерация» - Облыстық əмбебап жекпе-жек федерациясы.
Президенті: Нұрбек Жармаханов.