Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Геннадий Головкин әлемнің үздік 10 боксшысының қатарынан көрінді

Геннадий Головкин әлемнің үздік 10 боксшысының қатарынан көрінді

Kyzylorda-news.kz. Business Insider басты үш критерийді негізге ала отырып қазіргі заманның үздік 15 боксшысының тізімін жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.53 жеңіс (36 нокаут), бір жеңіліс және екі тең нәтижемен Сауль «Канело» Альварес әлемнің үздік боксшыларының көшін бастап тұр.
Украиналық Василий Ломаченко екінші орынға жайғасқан. Ол 14 жеңіс (10 нокаут) және бір жеңіліс иесі.
Үшінші орынды аса ауыр салмақтағы жеңілмеген Украина боксшысы Александр Усик иеленіп тұр. Ол 17 рет жеңіске жеткен (13 нокаут).
Қазақстан боксының жұлдызы, орта салмақтағы IBF және IBO нұсқалары бойынша Әлем чемпионы Геннадий Головкин 9-орынға жайғасты. Оның қоржынында 40 жеңіс (35 нокаут), бір жеңіліс және бір тең нәтиже бар. «Big Drama Show» сөзімен танылған спортшы рейтингтегі құрметті орынға бекер жайғасқан жоқ.
Естеріңізге сала кетейік, Головкин әуелде әуесқой боксшы ретінде шығып, 2003 жылғы Әлем чемпионатында алтын медаль, ал 2004 жылғы Олимпиада ойындарында «күміс» алған.
Бірнеше жылдан кейін ол кәсіпқой боксқа ауысып, төрт жылдан соң әлемнің уақытша чемпионы деген алғашқы атағын жеңіп алды. Соққысының қуатты болуы арқасында ол талантты боксшыға айналды.
2017 жылы Канелоға қарсы жекпе-жектегі тең нәтиже мен реванш кезіндегі жеңілісі - Головкин мансабындағы даулы сәттер.
Айта кетейік, Геннадий украиналық боксшы Сергей Деревянченкомен болған соңғы кездесуінде орта салмақтағы Әлем чемпионы белбеуін қайтарып алды.
26 желтоқсан 2019 ж. 377 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области