Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордадағы футболдан ардагерлер арасында өткен турнир: «Қайсар» командасы – жеңімпаз

Қызылордадағы футболдан ардагерлер арасында өткен турнир: «Қайсар» командасы – жеңімпаз

Kyzylorda-news.kz. Қызылордада «Евразия» спорт кешенінде футболшы, шеберлер командасының ойыншысы Әбіл Қалымбетовты еске алуға арналған футзалдан ардагерлер арасында облыстық ашық турнир өткізілді.Биыл жетінші мәрте ұйымдастырылған турнирге 12 команда қатысып, үздіктері анықталды.
Екі күнге созылған жарыстың қорытындысы бойынша «Қайсар» командасы бірінші орынды жеңіп алды.
Олар финалда «Петро Қазақстан» командасын ұтты. Ойынның негізгі уақыты тең аяқталғандықтан жеңімпаз тек айып добын орындау барысында анықталып, есеп 2:0 болды.
Жаңақорғандық «Сығанақ» командасы ІІІ орынды иеленсе, «Ардагер» командасы
ІV орынды қанағат тұтты.
«Үздік қақпашы» номинациясы бойынша Жаңабек Әлназаров («Қайсар» командасы),
«Үздік қорғаушы» - Берік Жаппасбаев («Ардагер» командасы),
«Үздік шабуылшы» - Шамсиддин Иристаев («Сығанақ» командасы), «Мерген ойыншы» - Бахадир Турсынкулов («Сығанақ» командасы), «Үздік ойыншы» - Əкімжан Əбішев («Петро Қазақстан» командасы) марапатталды.
Жеңімпаз және жүлдегер командаларға кубок, диплом, ақшалай сыйақы, үздік ойыншыларға естелік сыйлықтар берілді.

03 ақпан 2020 ж. 410 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области