Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордада волейболдан ардагерлер арасында халықаралық турнир өтеді

Қызылордада волейболдан ардагерлер арасында халықаралық турнир өтеді

Kyzylorda-news.kz. 15-16 ақпан күндері «Мұз айдыны» спорт кешенінде мемлекет және қоғам қайраткері Дінмұхамед Қонаевты еске алуға арналған волейболдан ардагерлер арасында XI халықаралық турнир өтеді.Облыста алғашқы мәрте ұйымдастырылған жарысқа Өзбекстан, Қырғызстан мемлекеттерінен, Нұр-Сұлтан, Алматы, Байқоңыр қалаларынан және Алматы, Жамбыл, Түркістан, Шығыс Қазақстан, Маңғыстау Қызылорда облыстарынан 12 команда, 50 жастан жоғары 120 ардагер спортшылар қатысады.
Жарыстың құрметті қонағы ретінде қоғам қайраткері Олжас Сүлейменов қатысады. Сондай-ақ, ол Алматы қаласының «КАЗНАУ» командасының құрамында ойын көрсетеді.
Айта кетейік, айтулы жарыс бұған дейін Алматы, Тараз, Атырау қалаларында өтіп келген.
15 ақпан 10.00 - салтанатты ашылуы
10.30 - жарыстың басталуы
16 ақпан 12.00 - ақтық ойын
13.00 - жарыстың жабылу салтанаты
13 ақпан 2020 ж. 315 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области