Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ЖҰЛДЫЗЫҢ ЖАНА БЕРСІН, РАЙЛЯ!

ЖҰЛДЫЗЫҢ ЖАНА БЕРСІН, РАЙЛЯ!


Қайраттылық – спортты ұдайы серікеткендердің еншісінде. Әсіресе, отбасы мен қызметін спорт пен қатар алып жүрген нәзік жандылардың ерік-жігеріне тәнті боласың. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Қызылорда облыстық филиалының қызметкері Райля Қорғанбаеваныңда өмірлік ұстанымы көпке үлгі.
Өз ісімен, әділдігімен үлкенге де, кішіге де өнеге көрсете білген әріптесіміз Алматы қаласында пара пауэрлифтингтенөткен ҚР чемпионатынан олжалы оралды. Таласқа толы тартыста алтын жүлдені еншіледі.
Райля 15 жылға жуық мемлекеттік корпорацияның жерді іздестіру, мониторингілеу және зертханалық зерттеу басқармасында қызметін абыроймен атқарып келеді. Еңбек жолын қарапайым инженерден бастаған ол бүгінде бас эксперт-топырақтанушы.
Спортта да жеткен жетістігі жетерлік – ҚР спорт шебері, 12 дүркін Қазақстан чемпионы, Қазақстан және облыс құрамасының мүшесі. Сондай-ақ жеңіл атлетикада да жеткен жетістіктері жетерлік. Шахматтан, дойбыдан, қол күрестен түрлі дәрежедегі халықаралық жарыстарда, ел біріншіліктерінде жүлделі орындарға ие.
Спортшы қыз Алматыда өткен жарыста жеке көрсеткішін жоғарылатты. Енді ол келесі жылы Елордада өтетін Әлем чемпионатына дайындық үстінде.
Біз әріптесімізді спорт саласындағы жетістігі мен шын жүректен құттықтаймыз. Жұлдызың жана берсін, Райля! Біз сенімен мақтанамыз!

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік
корпорациясының Қызылорда облыстық
филиалының баспасөз қызметі


15 тамыз 2018 ж. 511 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области