Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ШАҒЫН ФУТБОЛДАН ЖАРЫС ӨТТІ

ШАҒЫН ФУТБОЛДАН ЖАРЫС ӨТТІ


Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы және Қармақшы ауданының 90 жылдығына аясында 2003-2004 жылы туылған жасөспірімдер арасында шағын футболдан аудандық ашық біріншілік өтті.
Жарыстың мақсаты – жасөспірімдер арасында Қармақшы ауданының 90 жылдығын насихаттау, салауатты өмір салтын қалыптастыру болып табылады.
Жарысқа жалпы білім беретін оқу орындарынан 14 мектептің командасы қатысты. Тартысты өткен ойынның нәтижесінде І орынды №183 орта мектептің командасы жеңіп алды. Команда жетекшісі – Берікбол Мергенбаев. Жүлделі екінші орынды №250 мектеп-лицейі иеленсе, келесі орын №30 мектеп командасына бұйырды.
Сонымен бірге «Үздік ойыншы» номинациясымен №186 мектеп оқушысы Бейбарыс Әбжанов, «Үздік қақпашы» номинациясымен №250 мектеп лицейінің оқушысы Бексұлтан Әзілханов, «Үздік шабуылшы» номинациясымен №30 орта мектеп оқушысы Әсет Жанайдарұлы, «Үздік қорғаушы» номинациясымен №186 мектеп оқушысы Еркебұлан Берманов, ал «Үздік сұрмерген» номинациясымен Абай Ерғазы (№79 мектеп) марапатталды.
Шағын футболдан өткізілген жарыста үздік өнерімен нәтижеге жеткен командалар облыс біріншілігіне жолдама алды.



28 қыркүйек 2018 ж. 898 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области