Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » АРАЛДА ФУТБОЛДАН ӨТКЕН ОБЛЫСТЫҚ ТУРНИР ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ

АРАЛДА ФУТБОЛДАН ӨТКЕН ОБЛЫСТЫҚ ТУРНИР ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ

Арал ауданында ағымдағы жылдың 10 сәуірінде басталған 2003-2004 жылғы жасөспірімдер арасында футболдан «Былғары доп» республикалық лигасының облыстық іріктеу жарысы мәресіне жетті. Ауданымыздың белгілі азаматы, «Жанар и Ка» толық серіктестігінің директоры, аудандық мәслихаттың депутаты болған Алмат Аманұлы Балшамбаевты еске алуға арналған турнир қорытындысы бойынша Арал ауданының командасы жеңімпаз атанып, Астана қаласында үстіміздегі жылдың 16-24 мамыры аралығында өтетін республикалық жарысқа жолдама алды. Ал, II-орын Қазалы ауданы, №249 мектеп-лицейінің командасына бұйырса, III-орынды Сырдария ауданы, №210 орта мектебінің командасы иеленді.
 Сонымен қатар, турнир барысында үздік ойын көрсеткен қатысушылар бірқатар номинациялармен марапатталды. Атап айтқанда, «Үздік шабуылшы» - Сұлтанбек Дияс, Жалағаш ауданы, «Үздік қақпашы» - Дулат Айтбаев, Сырдария ауданы, «Мерген шабуылшы» - Дияс Қайратбек, Қазалы ауданы, «Үздік қорғаушы» , «Үздік жартылай қорғаушы» - Бекарыс Алданов, Арал ауданы.
13 сәуір 2018 ж. 495 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области