Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ ТӘРТІП САҚШЫЛАРЫ СПОРТТЫҚ ШЕБЕРЛІКТЕРІН КӨРСЕТТІ

ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ ТӘРТІП САҚШЫЛАРЫ СПОРТТЫҚ ШЕБЕРЛІКТЕРІН КӨРСЕТТІ

Қызылорда қаласының 200 жылдық мерейтойы және Криминалдық полиция басқармасының 100 жылдығына орай «Динамо» спорт кешенінде Қызылорда қаласы Ішкі істер басқармасының жеке құрам қызметкерлері арасында шағын футбол, арқан тарту және қол күрестен жарыс өткізілді.
Шағын футбол мен арқан тарту, қол күрес сайыстары бойынша басқарманың барлық қызмет салаларынан барлығы 160 қызметкерден 10 команда құрылып, олар «Үздік қақпашы», «Үздік шабуылшы», «Үздік қорғаушы» номинациялары бойынша жоғары көрсеткіштер көрсетті.
Сонымен қатар, аталған командалар арасында мини - футбол ойыны бойынша тартымды әрі бәсекелі ойын өткізіліп, нәтижесінде басқарманың тергеу бөлімінің командасы үздік ойын көрсетіп, бірінші орынға ие болды.
Ал арқан тартыс сайысы бойынша Ақсай және Тасбөгет полиция бөлімінен құралған құрама команда бірінші орынды иеленді.
Қол күрес сайысында басқарманың криминалдық полиция бөлімінің жедел уәкілі полиция аға лейтенанты Әлімжан Әлімбетов өзіне деген қарсыластарды шақ келтірмей, жеңімпаз атанды.
Жеңімпаз командалар дипломдармен және сыйлықтармен марапатталды.                                         



06 қазан 2018 ж. 676 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области