ҚЫЗЫЛОРДА: РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТУРНИРГЕ ІРІКТЕУ САЙЫСЫ ӨТТІ

Шын мықты сыналатын жарыста Өкіл имам Болатбек Абуов қатысушыларға сәттілік тілеп, бәйгені салтанатты түрде ашып берді.
Төрешілердің шешімі бойынша боз кілемдегі тартысты доданың І (70000 тг), ІІ (50000 тг), ІІІ-ші (30000 тг) жүлделі орындарын, сәйкесінше М.Исағабылов, Н.Сәлімгереев, Ә.Қозыбаев есімді шын жүйріктер қанжығаларына байлап, республикалық турнирге Қызылорда облысының намысын қорғайтын үміткер ретінде жолдама алды.

