Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » «Қайсар» түрікмен командасынан басым түсті

«Қайсар» түрікмен командасынан басым түсті

Қызылорданың «Қайсары» Түркиядағы оқу-жаттығу жиынында соңғы кездесуін өткізді. Бұл жолы Түрікменстанның «Алтын асыр» командасымен кездесті, деп хабарлайды Kyzylorda-news.kz.

«Алтын асыр» командасы 2008 жылы құрылған. 2014 жылдан бері футболдан өз елінің біріншілігінде бес мәрте чемпион атанып үлгерді. Сондай-ақ, аталмыш команда 2010 жылы күміс, 2013 жылы қола медаль алған еді. Аталмыш клубтың бұдан басқа да жетістігі аз емес.
«Қайсар» жігіттері бүгін өте сенімді ойнады. Қарсыластар қақпасы маңында жиі шабуыл ұйымдастырды. Осындай сәттің бірінде «Қайсардың» португалдық жартылай қорғаушысы Карлос Мигель (Карлитос) мергендік көрсетті. Команда құрамына биыл қосылған Марат Хайруллин де бүгінгі кездесуден құр кетпей, қарсыластар қақпасын дәл көздей білді. Бұдан кейін Братислав Пуношевац қанжығасын майласа, соңғы голды Марк Гурман соқты. Осылайша «Қайсар» «Алтын асыр» командасын 4:0 есебімен жеңді.
Айта кетейік, Түркиядан оқу-жаттығу жиынын өткізген «Қайсар» енді елге қайтады. Қызылорда қаласындағы алғашқы дайындығын 27 ақпанда бастайды деп жоспарланып отыр.
22 ақпан 2019 ж. 511 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области