Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қазақстанның жас зілтеміршілеріне шәкіртақы тағайындалады

Қазақстанның жас зілтеміршілеріне шәкіртақы тағайындалады

Қазақстан Республикасының Ауыр атлетика федерациясы жас атлеттерді қолдауға бағытталған «Жас қуат» бағдарламасын бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Федерация аталмыш бағдарламаны Rompetrol компаниясының қолдауымен жүзеге асыруда. Жоба аясында келешегінен үміт күттіретін, жасы 20-ға дейінгі атлеттер бір жыл бойы арнайы шәкіртақы алып отырады.
Бұдан бөлек, «Жас қуат» бағдарламасы бойынша аймақтық спорттық мекемелердегі ауыр атлетика секцияларына жөндеу жүргізіліп, материалдық-техникалық база күшейтілмек. Қазіргі уақытта Федерация кеңесінің бапкерлері шәкіртақыдан үміт ете алатын спортшылардың іріктелу талабын әзірлеген. Оған сәйкес, міндетті түрде «спорт шеберіне үміткер» спорттық дәрежесі болуы керек. Сонымен бірге, допингке қатысты дауы болмауы тиіс.
«Өңірлердегі жас атлеттерді қолдау идеясы баяғыдан бар еді. Оның үстіне биылғы жылды Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жастар жылы деп жариялағаны белгілі. Біз аймақтардан үздік деген 85 атлетті таңдап алуды көздеп отырмыз. Олардың бәрі де федерациядан жыл бойы шәкіртақы алатын болады. Біздің жастар үшін бұл айтарлықтай қолдау және жігерлендіру тетігі болмақ. Келешекте шәкіртақы иегерлері еліміздің атын әлемге паш етеріне сенім зор. Жақында ғана Лас Вегаста жасөспірімдер арасындағы Әлем чемпионатында жарқыраған жастарымыз секілді жас атлеттерге үміт артамыз», - дейді Федерацияның атқарушы директоры Алдияр Нұралинов.
05 сәуір 2019 ж. 412 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области