Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Аралда волейболдан республикалық турнир өтуде

Аралда волейболдан республикалық турнир өтуде

Kyzylorda-news.kz. Арал ауданында волейболдан 2005-2006 жылдары туылған жасөспірім қыз балалар арасында белгілі спортшы Асқат Ахановты еске алуға арналған республикалық турнир ашылды.Турнирдің ашылу салтанатына аудан әкімінің орынбасары Б.Жұмағұлов қатысып, №62 орта мектептің түлегі, белгілі волейболшы А.Ахановтың өмір жолына тоқталып, спортшымыздың қалдырған өнегесі мен ізін кейінгі ұрпаққа насихаттау мақсатында еске алу турнирінің жыл сайын ұйымдастырылып келе жатқандығын тілге тиек етті.
Сонымен қатар, Ахановтар әулетінің атынан ағасы сөз алып, Асхаттың спорт саласындағы жетістіктіктерін айта келе спортшыларға сәттілік тіледі.
Айта кетейік, биыл ауданда XVIIІ мәрте өткізіліп жатқан турнирге еліміздің Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан және Қызылорда облыстарынан 9 команда қатысуда. Жалпы үші күнге жоспарланған жарысқа қатысушы спортшылар Арал қаласындағы орталық стадионда орта мектептің спорт залында тартысты ойын өткізуде.

19 сәуір 2019 ж. 602 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области