Бек Нұрмағамбет бокстан Азия чемпионатында топ жарды

81 келіде жұдырықтасқан қазақ боксшысы финалда филиппиндік Джон Нобель Марвинді жеңіп, құрлық бәсекесінен қара үзіп шықты.
Осыған дейін 75 келідегі Тұрсынбай Құлахмет Азия чемпионы атанған болатын. Сондай-ақ, бүгін финалда жұдырықтасқан Зәкір Сафиуллиннің еншісінде күміс медаль бар.
Василий Левит, Санатәлі Толтаев және Теміртас Жүсіповтер құрлық додасының қола жүлдегерлері қатарында.
