Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Таиландта ел намысын қорғаған 4 жеңіл атлеттің барлығы «алтын» алды

Таиландта ел намысын қорғаған 4 жеңіл атлеттің барлығы «алтын» алды

Kyzylorda-news.kz. Қазақстандық жеңіл атлеттер «Thailand Open Track & Field 2019» халықаралық турнирінде төрт алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР Ұлттық Олимпиадалық комитетінен мәлім еткендей, Таиланд ашық чемпионатындағы төртінші «алтынды» ядро лақтырушы Иван Иванов иеленді. Ол қарсыластарын 18,95 метр көрсеткішімен жеңді. Екінші орында тайпейлік - Ма Вей Хау (16.78), үшінші орында - малайзиялық Мұхаммад Золкефли (16.71).
Бұған дейін Полина Иванова (сырықпен секіру), Мария Овчинникова (үш қарғып секіру) және Елизавета Матвеевалар (биіктікке секіру) жеңіс тұғырының ең биік сатысына көтерілді. Байрақты бәсеке 18-21 мамыр күндері аралығында өтті. Ашық чемпионатқа 17 мемлекет пен 4 кәсіби клуб қатысты.

22 мамыр 2019 ж. 428 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области