Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ОБЛЫС ВОЛЕЙБОЛШЫЛАРЫ ОМБЫДАН ОЛЖАЛЫ ОРАЛДЫ

ОБЛЫС ВОЛЕЙБОЛШЫЛАРЫ ОМБЫДАН ОЛЖАЛЫ ОРАЛДЫ


    Ресейдің Омск қаласында мүмкіндігі шектеулі спортшылар арасында Ресейде параолмпиадалық қозғалыстың негізін қалаған М.Л.Гуревичті еске алуға арналған халықаралық волейбол турнирі өтті. Бес команда арасынан Сыр волейболшылары бірінші орынға ие болды, деп хабарлайды облыстық денешынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі.
    Ойын барысында барлық кездесулерде де 3:0 есебімен Сыр волейболшылары жеңіске жетті. Финалдық ойында Омбы ойыншыларымен кездескен Сыр командасы қарсыластарын 3:1 есебімен ұтып, турнир жеңімпазы атанды. Үшінші орынды Санкт-Петербург қаласынан келген спортшылар еншіледі.
    Қызылорда облысының құрама командасының сапында жоғары спорт шеберлігі мектебінің волейболшылары Эрик Қасқабаев, Шыңғыс Медеуов, Бейбіт Кейкиев, Асанәлі Жолдасбек, Дәурен Ахметов, Мұхтар Қамысбаев, Омар Тұрманов және Алмат Манабаевтар ойнады.

08 желтоқсан 2017 ж. 707 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области