Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » АҚЗИРА ҚАСЫМОВА, ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСТЫҚ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ: БАСТЫ МІНДЕТ – БІЛІМ САПАСЫН КӨТЕРУ

АҚЗИРА ҚАСЫМОВА, ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСТЫҚ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ: БАСТЫ МІНДЕТ – БІЛІМ САПАСЫН КӨТЕРУ


Елбасы Н.Назарбаев  өзінің «Төртінші өнеркәсіптік  революция жағдайындағы  дамудың жаңа мүмкіндіктері»   Жолдауы ел дамуы алдында үлкен мақсаттар мен міндеттер қойды.  Әсіресе, болашақ жастар  қолында екенін  және  жаңартылған білім мазмұны арқылы  оқытудың маңызы жайында  айрықша тоқталды. Осы орайда,  Қызылорда облыстық  білім басқармасы Жолдауда көрсетілген  10 міндетті негізге ала отырып, үлкен жұмыстар атқаруда. Қолға алынған бастамалар жайында басқарма басшысы  міндетін атқарушы  Ақзира  Қасымовамен тілдескен едік.
–Елбасының биылғы Жолдауының мән-маңызы қандай?
– Елбасы Жолдауы – еліміздің кемел дамуының кепілі. Биылғы Жолдаудың мәні ерекше. Себебі, Елбасы бүгінгі күннің өзекті мәселелерін қозғап, жүзеге асыруы керек 10 міндетті айқындап берді. Әр міндеттің көтеретін жүгі мен атқаратын жұмысы нақтыланған. Жолдауды ұжыммен бірге талқыладық. Әсіресе, білім саласындағы реформалары қызығушылық тудырды. Н.Назарбаев Жолдаудың жетінші бағытында қазақстандықтардың болашағы – қазақ, орыс және ағылшын тілдерін еркін меңгеруінде деп анық атап көрсетті. Орыс тілді мектептер үшін қазақ тілін оқытудың жаңа әдістемесі әзірленіп, заманға сай терминология болу керектігін және латын қарпіне көшу мүмкіндіктері туралы айтып өтті. Сонымен бірге, 2019 жылдан 10-11 сыныптардағы жаратылыстану ғылымының жекелеген пәндерін ағылшын тіліне көшіру басталатындығын, нәтижесінде, біздің барлық түлектеріміз үш тілді қажетті деңгейде меңгеріп шығатынына тоқталды. Барлық аудандық білім бөлімдерінде Жолдаудың мән-маңызы талқыланып, негізгі басымдықтары жеке-жеке талданды.
Елбасының биылғы Жолдауындағы барша ұстаздар қауымын қуантатын жағдай – мұғалім мәртебесін арттыру және білім берудің жаңартылған мазмұнына көшкен ұстаздардың лауазымдық жалақысын 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап 30 пайызға көбейту.
Облыс бойынша бүгінгі күні 7829 мұғалім жаңартылған білім мазмұны бойынша біліктілігін арттырып, 1,2,5,7-сыныптарда сабақ жүргізуде. Сонымен қатар 2018 жылы категориялар арасындағы алшақтықты артты¬рып, мұғалімдер үшін біліктілік деңгейін ескеретін категориялардың жаңа кестесі енгізілмек. Категориялар бүкіл әлемде қолданылып жүрген ұлттық біліктілік тестісі арқылы берілетін болады. Бұл педагогтарды өздерін ұдайы жетілдіруге ынталандырмақ. Нәтижесінде, мұғалімдердің жалақысы біліктілігінің расталуына байланысты тұтастай алғанда 30 пайыздан 50 пайызға дейін өседі. Бұл үшін биыл қосымша қаржы бөлінетін болады.
– Жолдауда көрсетілген он міндеттің жетіншісі ретінде адами капитал, оның ішінде білім берудің жаңа сапасының маңызы ерекше айқындалған. Білім беру сапасын жаңа деңгейге көтеру жолында қандай жұмыстар атқарылуда?
– Президент барлық жастағы азаматтарды қамтитын білім беру ісінде өзіміздің озық жүйемізді құруды жеделдету қажеттігі жөнінде нақты тапсырмалар берді. Білім беру бағдарламаларының негізгі басымдығы өзгерістерге үнемі бейім болу және жаңа білімді меңгеру қабілетін дамыту болуға тиіс. 2019 жылдың 1 қыркүйегіне қарай мектепке дейінгі білім беру ісінде балалардың ерте дамуы үшін өз бетінше оқу машығы мен әлеуметтік дағдысын дамытатын бағдарламалардың бірыңғай стандарттарын енгізу қажет.
Өздеріңізге белгілі, өткен 2016-2017 оқу жылы еліміз бойынша бастауыш мектептің барлық 1-сынып оқушылары алғаш рет, 30 пилоттық мектепте алдын ала сынақтан өткен жаңартылған білім беру мазмұнына көшкен болса, үстіміздегі 2017-2018 оқу жылында білім берудің жаңартылған мазмұнын игеру 2,5,7- сыныптарға көшірілді.
Республика бойынша 30 пилоттық мектептің қатарындағы Қызылорда қаласының №2 «Мұрагер» мектебі мен Жалағаш ауданының №31 мектебінің оқушылары биыл 3 сыныпта оқытылуда. Ы.Алтынсарин атындағы ұлттық білім академиясының мамандарымен жүргізілген мониторингтің нәтижесі, балалардың жаңартылған білім беру мазмұнын игеру деңгейінің жоғары екендігін көрсетіп отыр. Жаңартылған білім беру мазмұнын игеруге көшкен облыстағы 1,2,5,7 сыныптың барлық оқушылары түгелдей жаңа оқулықтармен тегін қамтамасыз етілген. Ол үшін жергілікті бюджеттен 2016 жылы 663,0 млн теңге, 2017 жылы 1,3 млрд теңге қаржы қаралды.
Алдағы 2018-2019 оқу жылынан бастап, 3,6,8 сыныптар, 2019 жылы 10 сынып, 2020 жылы 11 сынып оқушылары жаңартылған білім беру мазмұнымен оқытуға көшірілетін болады. Келесі оқу жылына 3,6,8 сыныптардың оқулықтарын алуға қажетті қаражаттың есебі жасалып, 2018 жылдың бюджетіне енгізілуде. 2018-2019 оқу жылынан бастап, 3,6,8 сыныптар, 2019 жылы 10 сынып, 2020 жылы 11 сынып оқушылары жаңартылған білім беру мазмұнымен оқытуға көшірілетін болады. Келесі оқу жылына 3,6,8 сыныптардың оқулықтарын алуға қажетті қаражаттың есебі жасалып, 2018 жылдың бюджетіне қосылады.
Білім және ғылым министрлігінің арнайы тапсырмасына сәйкес қараша айының басында алдағы оқу жылында енгізілетін 3,6,8 сыныптардың жаңа оқулықтары мен оқу бағдарламаларын облыс мектептерінің 600-ге жуық әдіскер мұғалімдерінің оқулық авторларымен бірге талқылауы ұйымдастырылды.
12 жылдық білім беру жүйесінің алғашқы сыныбы ретіндегі, 1-қыркүйекте 5 жасқа толатын балаларды қамтитын мектепалды даярлық тобына арналған «Әліппе», «Букварь» оқулықтары Республика бойынша 48 білім беру ұйымдарында, оның ішінде Жалағаш ауданындағы №31 мектепте сынақтан өтуде. Орта білім беру саласында жаңартылған мазмұнға көшу басталды, ол 2021 жылы аяқта¬латын болады.
Елбасы атап өткендей, бұл – мүлдем жаңа бағдарламалар, оқулықтар, стандарттар және кадрлар. Білім берудің барлық деңгейінде математика және жаратылыстану ғылымдарын оқыту сапасын күшейту керек. Бұл – жастарды жаңа технологиялық қалыпқа дайындаудың маңызды шарты.
2019 жылдан 10-11 – сыныптардағы жаратылыстану ғылымының жекелеген пәндерін оқытуды ағылшын тіліне көшіру қолға алынбақ. Нәтижесінде, біздің барлық түлектеріміз елімізде және жаһандық әлемде өмір сүріп, жұмыс істеуі үшін қажетті деңгейде үш тілді меңгеретін болады.
2018-2019 оқу жылынан бастап жаратылыстану бағытындағы 1 пән ағылшын тілінде жүргізілетін болады, бүгінгі күні мектептерде ағылшын тілінде оқыту облыс көлемінде 42 инновациялық мектептер арқылы таратылып жүргізіледі. (Мектептерде 5 лицей сыныптарынан ағылшын тілі аптасына 5 реттен оқытылады). Аталған мектептердің 354 ағылшын тілі пәнінің мұғалімдерін 1 айлық қайта даярлау курсынан өткізу мақсатында бюджеттен 124 млн теңге қаржы бөлінген.
Облыс әкімдігі мен «НЗМ» ДББҰ арасындағы ынтымақтастық жөніндегі меморандум аясында сынақ алаңдары бекітілген. Осы сынақ алаңдарына облыстың қалған мектептері – магниттік мектептер бекітілген.
Білім беру мекемелерінің арасындағы бәсекелестікті арттырып, жеке капиталды тарту үшін қала мектептерінде жан басына қатысты қаржыландыру енгізілетін болады.
Біздегі оқушылардың жүктемесі ТМД елдерінің ішінде ең жоғары болып отырғанын және Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы елдеріне қарағанда орта есеппен үштен бір еседен көп екенін ескеріп, оны төмендету керек. Әлемнің 60-тан аса елдері қатысқан мектеп оқушыларының білім сапасын саралайтын халықаралық салыстырмалы зерттеулердің (TIMS, PISA) нәтижелерімен жасалған рейтингі бойынша, қазақстандық мектеп оқушылары академиялық білім деңгейлеріне қарай Ресеймен салыстырмалы нәтиже көрсетіп, алдынғы ондықтан көрінсе, алған білімдерін пайдалана алу қабілетіне қарай, яғни функционалдық сауаттылық деңгейі бойынша соңғы орындарда екендігі анықталған.
Алдыңғы қатарлы дамыған ОЭСР елдері, балалардың біліміндегі осындай олқылықты болдырмауға, олардың функционалдық сауаттылық деңгейін арттыруға бағыттылған жаңартылған білім беру мазмұнына 15 жыл бұрын көшкен екен.
Сол себепті, Білім және ғылым министрлігімен, жаңартылған білім беру мазмұнына және 5 күндік оқу аптасына көшуге байланысты ата-аналар қауымдастығының ұсынысымен оқушылардың және мұғалімдердің апталық оқу жүктемелерін төмендетудің де мүмкіндіктері қарастырылуда.
Мысалы, 10-11 сынып оқушылары үшін мемлекеттік стандартқа сәйкес апталық 39 сағат жүктемені 36 сағатқа дейін төмендету, мұғалімдердің апталық жүктемесін бастауыш сыныптар үшін 18 сағаттан 14 сағатқа дейін, 5-11 сынып мұғалімдері үшін 16 сағатқа дейін қысқарту мүмкіндіктері қаралуда.
– «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында үлкен міндеттер жүктелді. Білім беру саласында жаңа инновациялардың енгізілуі қалай?
– Елбасы, сондай-ақ барлық өңірлердегі Оқушылар сарайларының базасында компью¬терлерді, лабораторияларды және 3D принтерлерді қоса алғанда, барлық қажетті инфрақұрылымдары бар балалар технопарктері мен бизнес-инкубаторларының желісін құру керектігін де назарға алды. Облыс әкімінің қолдауымен 2017 жылы облыстағы инновациялық білім беру ұйымдарына «Робототехника» кабинеттері және жаңа үлгідегі «Физика» кабинеттері алынып берілді (46 инновациялық мектептің 28 мектебі ауылдық жерде орналасқан).
Инновациялық мектептерді қалыптастыру жөніндегі Қызылорда облысының тәжірибесі республика көлемінде таратылуда. Осы мектеп оқушыларының «Робототехника» бағытындағы жұмыстары EXPO – 2017 халықаралық мамандандырылған көрмесіне қатысты. Білім және ғылым министрлігінің тәжірибелік қолдауымен облысымызда өткізілген HackDay – 2017 жобасының қорытындысымен мектеп оқушыларының да ІТ құзіреттіліктері дамып келе жатқандығын көрсетті.
«Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында барлық білім беру ұйымдарында оқушылардың ақпараттық құзіреттілігін дамыту бағытының маңыздылығы арта түсуде. Осыған орай, 46 инновациялық мектеп пен М.Мәметова атындағы Қызылорда гуманитарлық колледжі «3D білім беру» кабинетімен жабдықталатын бола¬ды. Оқытудың мазмұндылығы заманауи техникалық тұрғыдан қолдау көрсету арқылы үйлесімді түрде толықтырылуға тиіс.
Елбасының «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясында Қазақстанның 4000-нан аса мектептерінде, оның ішінде біздің облыстың 125 мектебіне «Kүнделік» электрондық мектеп журналдарының жүйесі 2016-2017 оқу жылынан бастап енгізілді. Сонымен қатар Bilimland білім беру контенті жұмыс істейді. Аталған жүйелерге елдегі кез келген қалалық, ауылдық мектептердің тегін қосылуға мүмкіндігі бар.
Бұл ақпараттық жүйелерді пайдалану арқылы білім беру саласындағы қағаз түріндегі түрлі есептердің азаюына, ата-аналардың онлайн режимінде балаларының күнделікті бағалануын қадағалауына, мұғалімдердің сапалы электронды әдістемелік құрал¬дарды пайдалануына, оқушылардың үй тапсырмаларын орындалуын қадағалауына, білім беру ұйымындағы күнделікті жаңалықтармен танысуына, ұстаздар мен ата-аналар арасында тематикалық форумдар арқылы байланыс жасауына, тестілеуге, электронды кітапхана мен виртуалды лабораторияларды пайдалануға, сауалнама жүргізуге және әдістемелік көмектер алуға мүмкіндік береді.
Bilimland цифрлы білім беру контентіне облыста 291 мектеп қосылған. Оның 148-і онлайн, 143-і офлайн режимінде жұмыс жасайды. Контент мүмкіндіктерін пайдалану арқылы Білім және ғылым министрлігі тарапынан ақпараттық жүйелерді пайдалану көрсеткіштеріне талдау жүргізіп отырады. Қазіргі таңда 11982 қызметкер, 95184 оқушы және 61785 ата-ана ақпараттық жүйеге тіркелген.
– Жолдауда техникалық және кәсіптік білім беру бағдарламаларын жаңарту қажеттігіне, «Баршаға тегін кәсіптік-техникалық білім беру» жобасын жалғастыру мәселесі назарға алынған. Бұл тұрғыда жүргізіліп жатқан шаралар жайында айтып өтсеңіз.
– 9-11 сыныптарды бітіруші түлектер, кәсіби білімі жоқ, жұмыссыз, өзін-өзі жұмыспен қамтыған жастармен қатар, колледждер мен жоғары оқу орындарынан оқудан шығып қалған жастар жұмысшы мамандығын тегін алу мүмкіндігіне ие болды. Осы мақсатта республикалық және жергілікті бюджет есебінен жұмысшы мамандарын даярлауға мемлекеттік тапсырыс 2 есеге көбейтіліп, мемлекеттік гранттар саны 40%-ға артты.
Мысалы, үстіміздегі жылы жергілікті бюджеттен бөлінген 3008 орын, республикалық бюджеттен 1515 орын, барлығы 4603 орын мемлекеттік тапсырыс, жастарға тегін жұмысшы мамандығын алуға мол мүмкіндік берді. Жастарды жұмысшы мамандығын тегін алуға тарту, аудан, қала және ауыл әкімдіктері жанынан құрылған арнайы комиссиялар мен мобильдік топтар арқылы жүргізіліп, облыстық білім басқармасының келісімі негізінде берілген жолдамалар бойынша жүзеге асырылды. Сонымен қатар қысқамерзімді (1-6 айлық) курстар арқылы жыл басынан бері 2 728 адамға жолдама беріліп, бүгінгі күнге дейін 1 111 жас жұмысшы кәсіптерін алып шықты.
Бүгінгі күні колледждердің жатақхана мәселесі де басты назарда. Өздеріңіз білесіздер, 90-жылдары кәсіптік-лицейлердің жатақханалары жекешеленіп кеткен болатын. Біздің аймақта жұмысшы мамандарын даярлайтын 12 мемлекеттік колледждің (бұрынғы кәсіптік-лицей) алтауында жатақхана жоқ. Бүгінгі күні 1200 орынға қажеттілік туындап отыр. Осы мақсатта Арал ауданында №64 мектептің босаған ғимаратын Арал индустриялды-техникалық колледжіне жатақхана ретінде пайдалану үшін беріліп, күрделі жөндеуден өткізуге құжаттары дайындалуда. Сонымен бірге, Жаңақорған ауданында қазіргі білім бөлімі орналасқан ғимаратты Жаңақорған аграрлы-техникалық колледжіне қайтару бойынша да жұмыстар жүргізілуде.

– Әңгімеңізге рақмет!
Сұхбаттасқан
Миуа БАЙНАЗАРОВА,
Қызылорда облысы

30 қаңтар 2018 ж. 1 195 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области