Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » «Жарыс қазан» ырымы не үшін жасалады?

«Жарыс қазан» ырымы не үшін жасалады?


Қазақта «Жақсы сөз – жарым ырыс» деген сөз бар. Жақсы сөз айтсаң, жақсылыққа бастары сөзсіз. Сол секілді қайбір істі болмасын жасар алдын жақсы сөз айтып, бата қылып жататынымыз бар. Осы орайда наным-сенімдер, ырым-тыйымдардың ойға оралатыны белгілі. Жақсылық көрсек ырым етіп, «жұғысты болсын» деп те ырымдайтынымыз бар. Жақсы сөз, оң ниет жақсылыққа апарады деген сеніммен қазақта қиналған жанға түрлі жақсы ырымдар жасау арқылы жолын ашуға болады. Мәселен, ұлтымызда жарыс қазан ырымы жүкті әйелдің қиналмай босануы үшін жасалады.
Ол үшін әдейі сақтап жүрген сүр етті асады. Осы ет піскенше әйел де жарыса тез босанады деген сенім қалыптасқан.
Ай-күні жеткен жүкті әйел қатты толғатып, толғақ жилей бастағанда, сол ауылдағы пысық әйел отқа, ошаққа жарыс қазан асады да, қуырдақ қуыра бастайды. Жарыс қазан асудағы себеп қазанмен бірге толғақ жилейді, тамақтан бұрын бала туылады деп ырымдағаны.
Егер әйел босана алмай одан ары қиналса, жарыс қазан асып отырған әйел қолына қара пышақты алып «қара қазан бұрын пісе ме, қара қатын бұрын туа ма?» деп, қолындағы пышақты қазанға жанып-жанып зіркілдейді. Қазақ мұны «жарыс қазан» деп атайды.
15 қараша 2018 ж. 6 520 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области