Қазақтың ұлттық ойыны ақсүйекті ауылдың жігіттері мен қыздары жиналып, айлы түнде ашық далада ойнайды. Ертеде «Ақсүйек» ойынын той-томалақ жасаған үй иелері ұйымдастыратын....
Қазақ шаңырағында ер бала дүнеиеге келіп, оң-солын танып, сүндетке отырғаннан кейін ата-әжесі немесе ата-анасы «бәсіре» атайтын болған. Көбіне сол күні туған құлынды немесе ботаны нәрестенің бәсіресі деп атайды....
Қазақ салтында сәбилер балалық шақтың бірінші сатысына жеткен кезде ер бала мен қыз бала болып жіктеліп, қыз балаға тұлым қою, құлақ тесу рәсімдері өткізіліп, қызша киіндіріледі. Сондай-ақ, ер балаларды сүндетке отырғызып, айдар қойған, соның ішінде алғаш рет жеке атқа мінгізу рәсімін өткізген....
Халқымыздың ұлттық ойындары баланың санасын өсіріп, ойын ширатып, ақылын толықтырары сөзсіз. Адам денсаулығы мен ой-өрісіне пайдасы мол десек те, ұлттық ойындарымызды шетке ығыстырып, ұмыт қалдырып барамыз....
Қыдырма қонақ – қазақтың көне жолында, қонақ болу салтында көп кезігетін қонақтың бір түрі. Мейрам-мереке, демалыс күндері ауыл азаматтары топ-топ болып, ауыл-ауылға, үй-үйге қыдырады, үлкендерге амандасады, арнайы сәлем береді....
Тіл – әр елдің тарихи шежіресі. Кез келген халықтың, елдің тілінде – ең бірінші оның тарихы, мәдениеті, рухани құндылықтары, дүниетанымы көрініс табады....
Қазақ халқының қол өнерінің бір саласы – киім тігу. Ерте заманнан күні бүгінге дейін өзінің қадір-қасиетін жоймай, қол өнерінің озық үлгісі ретінде ғана емес, әрі әсем, әрі ыңғайлылығымен де пайдаланудан қалмай келе жатқан қазақтың ұлттық киімдері әлі де аз емес....