Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ НЕГІЗІ – ТАРИХИ САНА

РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ НЕГІЗІ – ТАРИХИ САНА


Мемлекет Басшысының «Рухани жаңғыру» жөніндегі бастамасына сәйкес бүгінде еліміздегі тарихи ескерткіштер мен киелі жерлердің мән-маңызы жан-жақты зерделеніп жатыр. Сондай тарихы тұнған орынның бірі – Ғанибек үйі. Ол Қазалы қаласында орналасқан республикалық санаттағы архитектуралық ескерткіш. Есепке алу үшін Казпроектреставрация институты 1980 жылы есепке алып, құжаттарын дайындаған.
1853 жылы ірге тасы қаланған №1 форт, 1867 жылы Түркістан генерал губернаторлығына қарасты Сырдария облысының Қазалы қаласы болып атауы өзгеріп, уезд орталығы болды. Уезге Арал, Қазалы, Қармақшы аймағы бағындырылды. Шығыс Азия мен Орта Азиядан келетін сауда керуендері Қазалы қаласы арқылы Европаға өткен осындай саудаға ыңғайлы жерде орналасқан Қазалы қаласына татарлар, сарттар, өзбектер, орал қазақтары келе бастады. Казаннан келген көпес Ғанибай Хусаинов керуен сарайын салдырады. Көнекөз қариялардың айтуына қарағанда Ғанибай шетелдермен де сауда жасаған. Ғанибайдың үйіне (керуен сарайы) 1937 жылы Ақтөбе облысының Мартөк ауданынан көшіріп әкелінген ауылшаруашылығы техникумы орналастырылды. Техникум 1971 жылға дейін жұмыс істеді. 1971 жылы Сырдария ауданына көшірілді.

«Kyzylorda-news»
22 маусым 2018 ж. 902 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области