Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ҚАЗАЛЫ ЖАУҺАРЛАРЫ: ӘЙТЕКЕ БИ ЕСКЕРТКІШІ

ҚАЗАЛЫ ЖАУҺАРЛАРЫ: ӘЙТЕКЕ БИ ЕСКЕРТКІШІ

«Рухани жаңғыру»  бағдарламасы тарихи-мәдени ескерткіштерді зерттеп, зерделеуге айрықша маңыз бергені белгілі. «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасының бірінші кезеңі жүзеге асырылып, қасиетті орындар, жәдігер ескерткіштер анықталды. Облыс бойынша 12 ескерткіш жалпыұлттық, 35 ескерткіш өңірлік маңызы бар қасиетті орындар тізіміне енгізілді.
Осы ретте Қазалы ауданындағы тарихи-мәдени ескерткіштер туралы қызықты мәліметтерді, яғни тарихи нысандар мен киелі орындар тарихын, монументті ескерткіштерді «Қазалы жауһарлары» айдарымен назарларыңызға ұсынып отыратын боламыз.

Оқырман назарына Қазалы стансасындағы теміржол вокзалын ұсынғанбыз. Аталған темір жол вокзалы – ХХ ғасырдың басында салынған архитектуралық ескерткіш екені белгілі. Кезінде Қазалы темір жол торбаның атағы бүкіл 15 одақтас республикаға белгілі болды. Өткен ғасырдың басында іргетасы қаланған «Сұлу там» атанған темір жол вокзалы мен осындағы паровоз жөндейтін депо міне, 115 жылдан бері халықтың игілігіне асуда.

Бүгін Әйтеке би ескерткіші туралы айтпақпыз.
Әйтеке би ескерткіші – Әйтеке би кентінде орналасқан монументті ескерткіштердің бірі. 2000 жылы Қазалы теміржол вокзалы алдындағы кіші парк ішіне қойылды. Вокзал – қай елді мекеннің болмасын басты қақпасы. Қалаға кіру, не болмаса сыртқа шығу осы жерден басталады. Адамдар қарасы да бұл маңда қалың. Демек, ескерткіш лайықты, қажетті орнын тапқан.
Монументті ескерткіштің авторлары – суретші Қ.Зәкіров, сәулетші Т.Бұхарбай. Есепке алу үшін аудандағы тарихи-мәдени мұраларды қорғау, насихаттау және қалпына келтіруді ұйымдастыру комиссиясы 2003 жылы бастауыш құжаттарын дайындады.
Қазалы өңірінде елім деп емірініп, жерім деп тебіреніп, халқының қамын ойлаған небір айтулы батырлар мен би-шешендер өткен. Солардың бірегейі – Әйтек би Бәйбекұлы.
Әйтеке бүкіл Орта Азияға халықтарына ортақ батыр Сейітқұлұлы Жалаңтөс баһадүрдің бауыры Ақшаның баласы Бәйбектен туады. Самарханды 40 жыл билеген Жалаңтөс баһадүрдің Қазалы өңірінде дүниеге келгенін тарихтың өзі дәлелдеп отыр. 1996 жылы Жалаңтөс баһадүрдің туғанына 420 жыл толды. Осыған орйай, батырдың туған жері Қазалы ауданында кең көлемде мәдени іс-шаралар өткізілді.
Әйтеке ел басқарған көсемдігімен, айыр тілді шешендігімен қазақ халқының тарихында ерекше орын алар тұлға.
Ол Төле би мен қаз дауысты Қазыбекпен бірге Тәуке ханның кеңесшісі болып, Жеті жарғыны жасауға қатысады. Әйтеке ел бірлігін сақтау үшін бар өмірін сарп еткен қазақ халқының бір туар ұлдарының бірі.
09 тамыз 2018 ж. 1 939 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области