Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ӨҢІРДІҢ ОРТАҒАСЫРЛЫҚ ҚАЛАЛАРЫ МЕН ҚОНЫСТАРЫ

ӨҢІРДІҢ ОРТАҒАСЫРЛЫҚ ҚАЛАЛАРЫ МЕН ҚОНЫСТАРЫ


Елбасының «Рухани жаңғыру»  бағдарламасы тарихи-мәдени ескерткіштерді зерттеп, зерделеуге айрықша маңыз бергені белгілі. «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасының бірінші кезеңі жүзеге асырылып, қасиетті орындар, жәдігер ескерткіштер анықталды.
Сыр өңірінен 12 ескерткіш жалпыұлттық, 35 ескерткіш өңірлік маңызы бар қасиетті орындар тізіміне енгізілгені белгілі. Бұған қоса, облыстық тарихи-өлкетану музейінің экспозицияларын жаңарту жұмыстары жүргізілді. Нақты кезеңде Қызылорда облысының 12 музейінде «Рухани жаңғыру» тақырыбы ескеріле отырып экспозициялар жаңартылды. Бүгін біз облыстық музейдің қайта жаңғыртылған залы туралы материалдар цикілін аяқтаймыз.
Еске сала кетсек, облыстық музейдің 11 залдан тұратын экспозициясы осыдан екі жыл бұрын толыққанды қайта жаңғыртылды. Соның ішінде Сыр өңірінің ертедегі тарихын баяндайтын "Археология" залының экспозициясын ерекше атап өтуге болады.
2001 жылы Арал теңізінің кепкен табанынан Кердері кесенесі табылып оған Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің археологы Т.Мәмиев және Ә.Х.Марғұлан атындағы археологиялық институттың археолог мамандары К.М.Байпақовтың жетекшілігімен археологиялық ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізді. Зерттеулер кесененің жалпы көлемі - 50 шаршы м, биіктігі - 2,5 м.
Ескерткіштің іргетас жоспары, оның қабырғалары дүниенің төртбұрышына бағытталып салын-ғандығын көрсетеді. Ұзындығы - 23 м, ені - 8 м. Екі камералы бөлмелер - 5х5 м және 6х10х8 м, үш жағы қашалып өңделген жергілікті тастан қаланған. Кейіннен Арал асар елді мекені мен Кердері 2 мавзолейінде де осы ғалымдар тобы қазба жұмыстарын жүргізді. Ортағасырлық жазба деректерде Арал теңізі "Кердері теңізі" деп аталған. [Мәмиев Т. Кердері мавзолейі. Алматы, 2002. 23 б.].
Сондықтан, Арал теңізінің кепкен табанынан табылған бұл ескерткішке "Кердері" кесенесі деген атау берілген. Экспозицияға кесене туралы деректер, одан табылған алтын бұйымдар (қасқырдың басы бейнеленген алтын сырға) мен қыш қаптамалар қойылды.
1956-1960 жж. С.П.Толстовтың жетекшілігімен ХАЭЭ-ның барлау отряды бұрын белгісіз болып келген Іңкәрдария және Жаңадария бассейндерінде орналасқан "оңтүстік оғыздар" ескерткіштер тобын ашып, зерттеу жұмыстарын жүргізді.
Өңірдің ортағасырлық қалалары мен қоныстарын зерттеу оларды бірнеше топқа бөлуге мүмкіндік берді. Іңкәрдария мен Жаңадария бассейнінің бөлігінде орналасқан қалашықтарына Женд, Сырлытам қала, Заңғар қала, Асанас, Орқала қала жұрты жатады. Бұл қалалар көп функциональді, саяси-әкімшілік орталықтарының рөлін атқарды, қолөнер кәсіптерінің, сауданың және ауыл шаруашылығының шоғырланған жері болды.
Музейдегі экспозицияда осы қалашықтар туралы мәліметтер мен керамикалық ыдыстар, мыс теңгелер, әшекей бұйымдар орын алды.
Айта кетейік, облыстық тарихи-өлкетану музейі – аймақтағы ірі мәдени орталықтардың бірі. Музей қорында өлкеміздің ежелгі дәуірінен бастап бүгінгі күнге дейін сан ғасырлық тарихынан терең сыр шертетін 55 мыңнан астам экспонат сақталуда. Музейдің археологиялық қорындағы экспонаттар ұлтымыздың баға жетпес байлығы болып табылады.
/Соңы/
Асхат САЙЛАУ,
Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану
музейінің ғалым-хатшысы
15 тамыз 2018 ж. 1 010 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области