Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ВЕНА: БІР АПТАДА ПЫШАҚПЕН ҮШ ШАБУЫЛ ЖАСАЛДЫ

ВЕНА: БІР АПТАДА ПЫШАҚПЕН ҮШ ШАБУЫЛ ЖАСАЛДЫ


    Олардың соңғысы кешегі жексенбі күні жасалды. Венада 26 жастағы Тироль тұрғыны Иран елшісінің резиденциясында күзетте тұрған солдатқа пышақпен шабуыл жасады, деп хабарлайды Euronews.
    Полиция қызметкерлері хабарлағандай, шабуыл жергілікті уақыт бойынша 23 сағат 30 минутта жасалған. 23 жастағы әскери қызметкер сол жақ иығының жарақатымен  ауруханаға жеткізілді. Қорғаныс министрлігінің өкілінің айтуынша, ол ресми нұсқауларға сәйкес әрекет жасапты.
    «Алдын ала тергеу мәліметі бойынша, күдікті солдатқа жақындап, ешқандай себепсіз оған пышақпен шабуыл жасаған», дейді Вена полициясының өкілі Харальд Soresh. «Әскери қызметші шабуылға тойтарыс беру үшін көзді ашытатын бұрыш спрей пайдалануға тырысқан, алайда оның көмегі тимей, жарақат алған. Содан кейін солдат өзінің  қызметтік қаруымен төрт рет оқ атып, агрессордың көзін жойған».
    Оқиғадан кейін Австрия астанасындағы барлық елшіліктер мен дипломатиялық миссиялар күшейтілген қорғауға алынған.
    Жексенбілік осы шабуыл соңғы бір апта ішінде жасалған үшінші қылмыс болды. Мұнан бір күн бұрын Солтүстік темір жол вокзалында 32 жастағы Алжир тумасы пышаққа түскен болатын. Шабуылшы, алдын ала деректер бойынша босқын, есірткіге тәуелді азамат  болған.
    Өткен сәрсенбіде  Ауғанстанның азаматы Венаның төрт тұрғынын пышақпен жарақаттаған болатын. Вена полициясы департаменті оған ешқандай саяси себептер болмағанын мәлімдеген еді.

12 наурыз 2018 ж. 734 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области