Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » АЛЫП ГАЗ ПЛАНЕТАСЫ ТАБЫЛДЫ

АЛЫП ГАЗ ПЛАНЕТАСЫ ТАБЫЛДЫ


         Уорвик университетінің зерттеушілері бастаған халықаралық астрономдар тобы аспан әлемі туралы ілім қисынына сыймайтын алып газ планетасын тапты.   
          Көгершін шоқжұлдызынан табылған жаңа планета көлемі жағынан Юпитерден сәл ғана кішілеу. Ғалымдар  NGTS-1b деген ат берген газ планетасындағы температура Цельсий бойынша 530 градусқа жетеді және онда жыл небәрі 2,6 күнге созылады, деп хабарлайды http://svpressa.ru/.
          Аспан әлемін зерттеп жүрген ғалымдарды планетаның жаратылысы қатты қайран қалдырып отыр. Осыған дейін шағын жұлдыздар айналасына қатты аспан денелерін топтастырады, ал газ гиганттары үшін материал жеткіліксіз болады деген болжам айтылатын Бірақ, NGTS-1b бұл түсініктің бәрін жоққа шығарып отыр.
         —   NGTS-1b-тің ашылуы бәрімізді таңғалдырып отыр. Бұл факт біздің планета құрылымы жайлы түйгендеріміздің бәрін теріске шығарды, — деді зерттеу тобын бастаған доктор Даниэль Байлисс.
01 қараша 2017 ж. 1 004 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области