Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» Қазалыда ауыл тұрғындары үшін көшпелі сауда ұйымдастырылуда

Қазалыда ауыл тұрғындары үшін көшпелі сауда ұйымдастырылуда

Kyzylorda-news.kz. Қазалы ауданында жұқпалы індеттің таралмауы үшін қауіпсіздік шаралары күшейтілгені барлығымызға белгілі. Осыған орай ауданда қоғамдық көліктермен қатар жеке автомобильдердің де жүруіне тыйым салынды.
Аудан мен ауылдарға кіреберіс жерлерге тосқауыл бекеттері қойылды.
Блок-бекеттер тұрғындардың жүріп-тұруы үшін қолайсыздық тудырғанымен, күнделікті қажеттіліктері үшін тосқауыл болмауы керек. Осыны ескерген Қазалы ауданы әкімдігі көшпелі сауда орындарын ұйымдастырып, тұрғындарға базар бағасымен азық-түлік сатуды қолға алды.
Бүгін көшпелі сауда аудан орталығынан шалғайда жатқан Кәукей ауылына бағыт алды. Аудан кәсіпкерлері ауыл тұрғындарына бірінші кезекте қажетті картоп, жуа, сәбіз, макарон, ұн, өсімдік майы, қант, күрішпен қатар, жеміс-жидектерді де ала барған.
Қазалы ауданы әкімінің баспасөз қызметі дәл осындай көшпелі сауданы басқа ауылдарда да ұйымдастыру көзделіп отырғанын айтты.
---
20 сәуір 2020 ж. 190 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области