Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Бектас БЕКЕТОВ: Оқушының қабілетіне қарап кәсіби бағыт-бағдар беру – маңызды қадам

Бектас БЕКЕТОВ: Оқушының қабілетіне қарап кәсіби бағыт-бағдар беру – маңызды қадам


«Халқымызды толғандыратын барлық мәселелер бізге белгілі. Осыған орай, ахуалды жақсарту үшін іс-қимыл жоспары әзірленіп жатыр. Бізге зор жауапкершілік жүктеліп отыр. Мен ел тағдырына жаны ашитын әрбір азаматқа зор сенім артамын. Қазақстан – ортақ шаңырағымыз! Мен бәріңізді мерейлі мекенімізді өркендетуге үлес қосуға шақырамын!», - деді Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған бүгінгі Жолдауында.
Біз ел азаматы ретінде Ел басшысының «Сындарлы қоғамдық диалог – татулық пен тұрақтылық негізі» тақырыбындағы Жолдауда айтылған барлық бастамаларды қолдаймыз.
Әсіресе, білім беру сапасын жақсарту, оқушының қабілетіне қарап кәсіби бағыт-бағдар беру саясатына көшу, білікті педагог кадрлардың тапшылығына байланысты «Дипломмен ауылға» бағдарламасының аясын кеңейте отырып, аз қамтылған және көп балалы отбасыларды қолдау үшін Дарынды баланың қабілетін дамытудың жол картасын әзірлеу туралы Үкіметке берген тапсырмалары көптің көкейінен шықты.
Одан бөлек, жолдауда дені сау әрі саналы ұрпақты, мықты ұлтты қалыптастыру бағытында бұқаралық спортты дамытуда кешенді бағдарлама қабылдау, белсенді өмірлік позицияларды сіңіру мақсатында жастар мен студенттерді ерікті жұмысқа тарту, білім саласын басқару мен қаржыландыру сияқты өзекті мәселелер қамтылып отыр.
Мұның бәрі, болашақ еліміз үшін қабылданған міндеттер. Сондықтан, айтылған тапрсырмаларды мүлтіксіз орындау үшін бүкіл қоғам бірлікпен ынтымақта іске жұмылуымыз керек.

Бектас БЕКЕТОВ
Қазалы ауданы,
№216 мектеп директорының тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары
03 қыркүйек 2019 ж. 431 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области