Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ПРЕЗИДЕНТТІҢ БАСТАМАСЫ «РУХАНИ ЖАҢҒЫРУДЫҢ» ЖАЛҒАСЫ ІСПЕТТІ

ПРЕЗИДЕНТТІҢ БАСТАМАСЫ «РУХАНИ ЖАҢҒЫРУДЫҢ» ЖАЛҒАСЫ ІСПЕТТІ


Қазіргі қоғам қарқынды өзгеріс жағдайын бастан кешуде. Инновация мен жылдамдық – бүгінгі әлемдегі бәсекеге қабілеттіліктің негізгі факторлары. Бұл ретте, «өркениеттен қалғымыз» келмесе, бізге де әлемдегі сол өзгерістермен бірге дами білу машығы қажет. Бұл адами капиталды дамыту міндетімен тығыз байланысты. Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасында білім мен білім беру саласына, дүниетанымның қалыптасуына, оң өзгерістерді жатсынбау икемділігіне ерекше назар аударуы тегін емес.
Бүгінде Қазақстанның сарапшылық қауымдастығында адами капиталды дамыту мен мемлекеттің әлеуметтік саясатының міндеттері арасындағы байланыс туралы жиі айтылады. Әсіресе, бұл байланыс Нұрсұлтан Назарбаевтың жақында ұсынған бес әлеуметтік стратегиялық бастамасында анық көрінеді.
ҚР Тұңғыш Президентінің Қоры жанындағы Дүниежүзілік экономика және саясат институты (IMEP) ұйымдастырған «Адам капиталы - Қазақстанды жаңғырту негізі» атты тақырыпта өткен дөңгелек үстел қатысушылары бүгінде еліміздің экономикалық дамуының негізі болып табылатын қазақстандықтардың өмір сапасы және олардың болашақ пен жаңғыруға деген сенімі арасындағы тікелей байланысты атап өтті. Сарапшылар қазақстандықтардың өмір сүру сапасын жақсартуға кедергі келтіретін және сол арқылы адам әлеуетін дамуын тежейтін факторларға ерекше мән берді. IMEP бағдарламасының жетекшісі Сергей Домнин «экономикадағы өзекті мәселелерді шешу білім беру жүйесіне өзгерістер енгізбей, заманауи медициналық көмек, жоғары сапалы өнімді жұмыспен қамту тетіктерін жетілдірмей, бұқаралық кәсіпкерлікті дамытпай мүмкін еместігін әрі оның барлығы адами капиталдың сапасына тікелей байланысты» екенін атап өтті.
Әлбетте, дәл мұндай өзгерістер Президенттің жаңа бастамаларының негізінде жатыр. Атап айтсақ, білім беру жүйесін жас ұрпақтың талабына және экономиканың қажеттілігіне бейімдеу: қазақстандық дарынды жастар Ресейге және басқа шет елдерге оқуға кетпес үшін тегін жоғары білімді Қазақстанда қолжетімді ету қажет. Бұқаралық кәсіпкерлікті дамыту және жұмыспен қамтуды жақсарту аясында бизнеске қолжетімді шағын несие беру идеясы дәл осыған бағытталған. Бұл халықтың тұрғын үй мәселесін шешуге оңтайлы жағдай туғызады. Ал мұның барлығы көбінесе қазақстандықтардың болашаққа деген нық сеніміне тікелей қатысы бар.
Жалпы алғанда, «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы шеңберінде қарастырылған адами капиталды дамыту мен Президенттің соңғы бастамалары негізінде жүзеге асатын Жолдау-2018 көрсетілген әлеуметтік стратегиялар арқылы экономиканы модернизациялау міндеті арасындағы тығыз байланыс бар. Президенттің әлеуметтік тапсырмаларының негізгі үндеуі - қазақстандықтардың ертеңге деген сенімі. Ал бұл ең басты тетік: онсыз елімізді дамыған табысты елдердің қатарына қосатын жаңғыру серпілісі мен оң өзгерістер туралы елестету мүмкін емес.
12 шілде 2018 ж. 832 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области