Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ИНВЕСТИЦИЯ ИГІЛІГІ

ИНВЕСТИЦИЯ ИГІЛІГІ


Елбасының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауының «Ақылды қалалар» «ақылды ұлт» үшін» деп аталатын оныншы басым бағытында Астананың дамуына ерекше назар аударып, нақты міндеттерді айқындап берген еді.
Ел жүрегі Астананың Қазақстан дамуында, халықтың тұрмыс-тіршілігінде алар орны ерекше. Елбасының ғажайып жобасымен дүниеге келген бас қала ең басты ұлттық идея ретінде халқымызды өркениет биігіне бастап келеді.
Бүгінде жаһандық саяси үдерістер мен бітімгершілік бастамалардың беделді қатысушысы ретінде бас қаламыз әлем картасынан орнын ойып тұрып алды. Аз уақыт ішінде Астана дүниежүзіне конфессияаралық келісім мен ұлтаралық татулықтың алтын бесігі ретінде танылды. Төрткүл әлемді бейбітшілікке шақырған халықаралық форумдардың ұйытқысына айналып үлгерді. Инвестициялық-инновациялық жобалар негізінде бой көтеріп, болашаққа бет алды. Әлемге әйгілі инвесторлардың қызығушылығын оятқан елордамыз шын мәнінде ірі қаржы орталығына айналды. Халқымыздың ұлттық бренді болып қалыптасты. Соның дәлелі ретінде аса зор табыспен өткізілген EХРО-2017 халықаралық көрмесін айтуға болады. Көрме Астананың инновациялық әлеуетін айқын көрсетіп берді.
Жиырма жыл тарихта бір қаланы дамыту үшін қас-қағым сәт. Дегенмен, Астана сәулеті күннен-күнге қарыштап, жайнаған жарқын қалаға айналды. Қаланы көркейту, елге инвестиция тарту бағытында айтарлықтай жұмыстар жасалды. Көп ұзамай игі істердің нәтижесін халық көре бастады. Осы аз ғана мерзім аралығында көптеген әсем де зәулім көпқабатты тұрғын үйлер мен заманауи ғимараттар, бизнес-орталықтар мен мәдени-әлеуметтік нысандар (мектеп, жоғыр оқу орындары, түрлі спорт кешендері мен медициналық орталықтар) салынды. Мұның бәрі Астананы дамыту, халықтың тұрмысын жақсарту үшін жасалған шаруалар еді. Бұл үшін Елордамызға қомақты инвестиция тартылды.
Иә, ару қала Астананың қазіргі заманғы технологиялардың, сапалы білімнің, инвестиция мен жаңа креативті идеялардың орталығы ретінде бағындырған белестері мен жеткен жетістіктері жетерлік. Инвестиция – экономиканың екінші тынысы. Дегенмен, шетелдік ірі компаниялардың мол қаржысын тарта білу үшін де елде экономикалық ахуал жақсы, саяси тұрақтылық сақталған, әлеуметтік даму көрсеткіші жоғары болуы тиіс. Осы тұрғыдан алғанда Астана барлық талаптарға толық жауап берді.
Осы орайда, 20 жылда Астанада 1172 өндірістік, әлеуметтік-мәдени және қоғамдық маңыздағы нысандар салынғанын тілге тиек етуге болады. Мамандардың есебінше, негізгі капиталға инвестициялардың жылдық көлемі 1997 жылдан бері 46 есеге өсіп, 8 трлн теңгені немесе 47 млрд долларды құраған. Мұндай үдеріс 2017 жылы да лайықты жалғасын тауып, ЕХРО-2017 халықаралық көрмесін өткізу арқылы оң экономикалық көрсеткіштерге қол жеткізді. Өткен 2017 жылы Астанаға тартылған инвестиция көлемі 945 млрд теңге болса, оның 70 пайызы жеке инвестицияның үлесі.
Міне, инвестицияларды игеру арқылы екінші тынысы ашылған Елорданың экономикалық көрсеткіші санаулы жылда осылайша еселенді. Әлемде инвестицияға қолайлы қала ретінде танылған Астананың бұл бағыттағы шығар биігі әлі алда.
18 шілде 2018 ж. 627 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области