«ТУҒАН ЖЕР» БАҒДАРЛАМАСЫ ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРДЫ ЖАППАЙ ОТАНСҮЙГІШТІККЕ БАУЛИДЫ
«Рухани жаңғыру» президенттік бағдарламасы аясындағы «Туған жер» патриоттық жобасы әр түрлі бағыттарға ие. Бір жағынан, бұл кәсіпкерлердің тікелей қолдауымен және өздерінің туған жері – аудан, қала мен ауылдарға деген жанашырлық болса, екінші жағынан, мектеп оқушылары үшін туған өлкені, оның қасиетті жерлерін, сондай-ақ ата-бабаларымыздың және жерлестеріміздің тарихын зерттеуге бағытталған кең ауқымды іс-шара.
Туған өлкеге деген ерікті көмек шынымен де елімізде жаппай құбылысқа айналды. Кәсіпкерлердің көптеген бастамасы туралы хабарламалар күн сайын тарайды. Мысалы, жақында, кәсіпкерлер туған ауылы – Маңғыстау облысының Ақшұқыр ауылына спорттық кешен салып беруге шешім қабылдады. Ауыл жастары бокс, күрес, шығыс жекпе-жегі, волейбол, баскетбол және футбол үйірмелеріне қатыса алады. Кешеннің құрылысы бітуге жақын, кәсіпкерлер оны қараша айының соңына дейін өткізуді жоспарлап отыр. Ауылдың спорт сарайы бір уақытта 100-ден астам жанды қабылдай алады, оның аумағы 600 шаршы метрден асады, ал жобаның жалпы құны 65 миллион теңге. Сондай-ақ, осы ауылда аудандық кәсіпкерлердің қолдауымен «Туған жер» бағдарламасына сәйкес 140 орындық балабақша салғалы жатыр. Аудан әкімі Темірбек Асауов әлеуметтік нысандардың құрылысы барысында жергілікті кәсіпкерлердің жоғары белсенділігін атап өтті, сонымен қатар, ауданда балабақшалардың тапшылығы өткір ситап алып отыр.
Әрі әр өңірде осындай ондаған бастама бар. Күн сайын бұқаралық ақпарат құралдары оларды хабарлауда. Бірақ, бұл «Туған жер» бағдарламасы бойынша жасалып жатқан жалғыз дүние емес. Барлық облыстар, аудандар мен қалаларда қоғамдық ұйымдар мен кәсіпкерлердің қолдауымен жастардың патриоттық тәрбиесімен мықтап айналысуда. Бұл жобаларды ұйымдастырушылардың есебінше, бір ғана мектеп бағдарламасы арқылы оқушының туған жерге деген қызығушылығын арттыра алмайды. Жоғары сыныптың оқушылары да көп нәрседен мақұрым қалған: түлектер көбінесе танымал орындар мен өңірдің атақты адамдары туралы да айта алмайды. Мұны түзету үшін жергілікті бизнес-қауымдастық «Туған жер» патриоттық бағдарламасының көптеген жобасын әзірлеуде. Бұл республиканың барлық өңірінде өтетін мектеп оқушыларына арналған ерекше туристік іс-шара. Мысалы, Павлодарда жасөспірімдердің ерекше жобасы үлкен қызығушылық туғызды: «Көшпенділер» кемесінде күн сайын балалар табиғатты, флора мен фаунаны, туған өлкенің тарихын жетік білу үшін Ертіс өзенімен саяхаттайды. Саяхат күн бойы жалғасады, сапар барысында балалармен бірге танымал ғалымдар, өлкентанушылар, жергілікті белгілі журналистер білімдерімен бөліседі. Күн суыта кеме қатынасы тоқтайды, бірақ, көктем шыға идея авторлары қызықты өзен экскурсияларын қайта жалғастырады.
«Туған жер» жобасы бойынша қызықты туристік экспедициялар Ақмола облысында да өткізілуде. Қыркүйек айында Еңбекшілер ауданында мұндай экспедиция құрамына ауданның бес мектебінен 30 үздік оқушысы кірді. Бірінші бағыт Ақмола өңірінің мақтанышы, талантты әнші, ақын, композитор Біржан сал Қожағұлұлының өмірін зерттеуге арналды. Балалар Біржан сал атындағы музыкалық мектепке, облыстық мәдениет үйіне және қабіріне барып, жерлестерінің өмірінен көптеген қызықты мәліметке қанықты. Әрі қарай экспедиция Жүкей кентінің маңындағы Көкшоқы жотасында жалғасын тапты. №1 орта мектептің география пәнінің мұғалімі, экспедиция жетекшісі Марат Жаманбаев оқушыларды туристік жабдықтармен таныстырып, компас және өлшеу құралдарымен жұмыс істеу тәртібін түсіндірді. Сапар кезінде балалар өздерінің туған жері туралы көптеген қызықты мәліметті білді.
Жалпы алғанда, «Туған жер» жобасының ауқымы өте кең. Бүгін біз бұл жобаның Қазақстандағы патриотизмнің ұлғаюына, туған жерге деген сүйіспеншіліктің артуына, әсіресе жастардың Отанға деген махаббатын арттыруға үлес қосқанын көрдік. Әрі мұның бәрі мемлекет есебінен емес, өздерінің туған жерін көркейтуге шын мәнінде үлес қосқысы келетін кәсіпкерлердің қаражаты есебінен жасалуда. Шын мәніндегі бұл үлкен жұмыс Қазақстанның барлық облысы мен ауданындағы жағымды жаңалықтардың көптігін тағы бір мәрте дәлелдейді.