Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » БІЛІМ – ЖАРҚЫН БОЛАШАҚ КЕПІЛІ

БІЛІМ – ЖАРҚЫН БОЛАШАҚ КЕПІЛІ


Елбасы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында «Табысты болудың ең іргелі, басты факторы білім екенін әркім терең түсінуі керек. Жастарымыз басымдық беретін межелердің қатарында білім әрдайым бірінші орында тұруы шарт. Себебі, құндылықтар жүйесінде білімді бәрінен биік қоятын ұлт қана табысқа жетеді», деп айрықша атап өткен болатын.
Ел тәуелсіздік алған сәттен бері жас мемлекетіміз өскелең ұрпақты озық біліммен қаруландыруды барынша қамтамасыз етіп келеді. Жалпы, білімді, көзі ашық, көкірегі ояу болуға ұмтылу – біздің қанымызда бар қасиет. «Болашақ» стипендиясы тағайындалып, білімгерлер әлемнің әр шетінде білім алып, елге оралып жатыр. Озық біліммен қаруланған жастарымыз ел экономикасының дамуына үлес қосуда.
Қазір біз үздіксіз өзгерістер мен толассыз ақпараттар ғасырында өмір сүріп жатырмыз. Сандық дәуірге қадам басқан тұста білімнің рөлі қандай? Осы тұста білім саласын тақырыпқа тамызық етіп көрейік: жыл сайын жаңа оқулықтар шығып, ондағы жүктемелер де едәуір өзгеріп отырады.
Бүгінгі жаңа атаулы ертең-ақ ескіге айналатын, жүрісі жылдам дәуірге аяқ басып тұрмыз. Бұл жағдайда кәсібін неғұрлым қиналмай, жеңіл өзгертуге қабілетті, аса білімдар адамдар ғана табысқа жететінін ескерген облыс әкімі Қ.Көшербаев білім іздеген озық ойлы түлектердің Ресей Федерациясының бірнеше қаласында техникалық білім алуына жағдай туғызды. Қазан қаласында ІТ-технологияны меңгеруіне жол ашты.
Мемлекет басшысының жоғарыда аталған «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі «100 жаңа оқулық» бағыты аясында әлемнің үздік деп саналатын 100 кітабын қазақ тіліне түпнұсқадан аудару басталды. Бүгінгі таңда Ұлттық аударма бюросы міндеттелген 100 кітаптың 18-ін аударып, озық оқулық еліміздегі жоғары оқу орындарына тегін таратылды. Қазір 30 оқулық бойынша аударма үдерісі жүріп жатыр.  Бұл біздің студент жастарымыз үшін үлкен мүмкіндік деп есептейміз.
14 қыркүйек 2018 ж. 814 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области