Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » «ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ 100 ЖАҢА ЕСІМ»: АЙМЕН ТҰРБАЕВА

«ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ 100 ЖАҢА ЕСІМ»: АЙМЕН ТҰРБАЕВА


Елбасы «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасына байланысты «онда нақты адамдардың нақты тағдырлары мен өмірбаяндары арқылы бүгінгі, заманауи Қазақстанның келбеті көрініс табады» деген болатын. Шынында, бойында басқаға үлгі боларлық іскерлік, адамгершілік қасиеттері бар тұлғалар қоғамда аз емес. Тек оларды жұрт өздері де танып, өзгеге де үлгі етулері тиіс. Сондай ізгі жандардың бірі, «100 жаңа есім» жобасына үміткер «Көкжиек» мүмкіндігі шектеулі жандар қорының директоры Аймен Тұрбаева.
Кейіпкеріміз 1957 жылы 20-наурызда Қызылорла қаласында зиялы отбасыда дүниеге келген. Н.В.Гоголь атындағы педогогикалық институттың филология факультетіне оқуға түсіп, «Орыс тілі әдебиеті және педагогика» мамандығы бойынша бітірген. Сол жылдан бастап №176 орыс мектебіне орыс тілі пәні мұғалімі болып қызмет атқарып, зейнеткерлікке шыққан. Педагогикалық жұмыспен қатар, қоғамдық жұмыстардан да шет қалмай, үкіметтік емес ұйымдарда жетекшілік қызмет атқарады. Қазірде облыстық «Көкжиек» мүгедек әйелдер мен мүгедек балалар қорын басқарады.
Ол бала кезінен мүгедек болғанына қарамай, өмірдің қай сынағы болса да шыдап келді.
- Мен мүмкіндігі шектеулі балаларға ненің қажет екенін, олардың не қалайтынын жақсы білемін деп айта аламын. Себебі өзім де бала күнімнен мүмкіндігі шектеулі жандардың санатындамын. Ол кезде бізге бүгінгідей жасалынып жатқан жағдайлар жоқтың қасы болатын. Бірақ мен алдыма мақсат қойып, көп оқыдым, іздендім. Соның нәтижесінде бүгінгі күнге жетіп отырмын. Білім саласында еңбек етіп, қаншама шәкірт тәрбиелеп шығардым. Қазіргі уақытта мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмыс жасап, оларға қолдау көрсетуге тырысып жүрмін, - дейді "Көкжиек" қоғамдық бірлестігі төрайымы А.Тұрбаева.
2004 жылдан бастап «Мүмкіндігі шектеулі балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру» жобасы бойынша көпетеген іс-шаралар өткізілді.
Осы атқарып жатқан еңбегі бағаланып, «Білім және ғылым» министрлігінен, облыс, қала әкімдерінен мақтау қағазы және алғыс хаттармен марапатталған. «Қызылорда қаласына – 190 жыл» медалімен, «Қызылорда облысына – 70 жыл» медалімен, «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» мерекелік медалімен марапатталды. 2011 жылдың қорытындысы бойынша облыстың экономикасы және әлеуметтік, рухани дамуына қосқан үлесі үшін 2012 жылғы облыс әкімінің стипендианты атанды. 2016 жылы «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл медалімен марапатталды.
23 қазан 2018 ж. 516 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области