Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » АҚЖАРМАНЫҢ АБЗАЛ АЗАМАТЫ

АҚЖАРМАНЫҢ АБЗАЛ АЗАМАТЫ


Сыр елі ел үшін аянбай еңбек етіп, туған жерді түлетуге септігін тигізіп келе жатқан жандарға кенде емес. Мұнда өңірдің өркендеуіне сүбелі үлес қосып, халықтың ыстық ықыласы мен ризашылығына бөленіп келе жатқан жандар жетерлік. Осы орайда республикалық деңгейде ұйымдастырылып отырған «Жомарт жүрек» байқауы еселі еңбегімен ел аузында жүрген азаматтарды өзгелер үлгі етіп көрсетуде. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұйымдастырылған бұл байқауда Сырдария ауданы бойынша Ақжарма ауылының тумасы Қайрат Нұрсейтов «Жыл меценаты» номинациясын жеңіп алған.
Туып өскен ауылының халқына қолдау көрсетіп, тұрмысы төмен отбасыларға қаржылай да, азық-түлік өнімдерімен де көмек көрсетіп келе жатқан Қайрат Нұрсейтовтың игі ісі көпке үлгі. Ауылдағы тұрмысы төмен отбасылар мен батыр аналарға түрлі мерекелер қарсаңында сыйлықтар үлестіріп келеді. Сонымен қатар бұл отбасылардағы балалардың жазғы демалысында оларды тынығу лагерьлеріне баруына қаржылай көмек көрсетті. Сондай-ақ ауыл ардагерлерінің шипажайда демалуына жағдай жасап, үлкендердің ақ батасын алған. Білім күніне орай «Мектепке жол» акциясына да қолдау білдіріп, қайырымдылық жасады. Қайрат Нұрсейтов ауыл тұрғындарына жасаған қолдауларымен қатар, елді мекеннің абаттануына да үлес қосуда. Ол ауыл поштасы мен мешіттің ғимаратына күрделі жөндеу жұмыстарына және орталық алаңның абаттануына қаржылай көмектесті.
Қайрат Нұрсейтов 2013 жылдан бері «Ақжарма и К» ЖШС төрағасы. Мектеп бітіргеннен соң ауылда жұмысшы болған серіктестік басшысы бірнеше қызметтік сатыдан өткен. 90-жылдардың қиын қыстау кезеңдерінде кәсіпкерлік саласында жұмыс жасап, сол уақыттарда Қазақ мемлекеттік аграрлық университетін бітірген. 2007-2008 жылдары Ақжарма ауылының әкімі лауазымында болып, мұнан соң Сырдария ауданы әкімінің ауыл шаруашылығы саласы жөніндегі кеңесшісі қызметін атқарды. 2013 жылдан бастап қазіргі төраға қызметінде.
Қайрат Нұрсейтов 2013-2014 жылдары екі мәрте әлеуметтік сала номинациясы бойынша «Парыз» сыйлығының иегері.
31 қазан 2018 ж. 628 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области