Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ЛАТЫН ӘЛІПБИІНЕ КӨШУ – БОЛАШАҚ ҮШІН ҚАЖЕТ ҚАДАМ

ЛАТЫН ӘЛІПБИІНЕ КӨШУ – БОЛАШАҚ ҮШІН ҚАЖЕТ ҚАДАМ


Қазір бәріне мәлім, Қазақстан латын әліпбиіне біртіндеп көшуге әзірленіп жатыр. Үкіметтің шешіміне сәйкес, 2025 жылдан бастап қазақ мектептерінде сабақ латын қарпімен оқытылады. Латын әліпбиіне көшу арқылы мемлекет талай мақсатты межелеп отыр. Латынға көшу үштілділіктің маңызды тұжырымдамасы: латын әліпбиіндегі қазақ тілі ағылшын тілін бірге үйренуге ыңғайлы болады. Қазір әлем халқының 80 пайызы осы әліпбиге көшкен.
Ал кириллица жазуын он екі мемлекет пайдаланады екен. Яғни, бұл қадам арқылы біз әлемдік өркениетке бір табан жақындаймыз. Латын тілі – жаңа технологияның, ғаламтордың тілі. Бұған қоса, латын әріптерімен жазылған бұрынғы қолжазба мен шығармаларды емін-еркін оқуға мүмкіндік туады. Латын әліпбиін әлі күнге дейін қолданатын шетелдегі қандастарға жақындауға жол ашылады. Ең бастысы, әліпбиді өзгерту арқылы төл сөзімізді жазу кезінде кеткен қателіктерді жойып, қазақ сөздерінің дұрыс айтылуына ықпалын тигізеді. Қазірдің өзінде латын қарпімен жазатын жастар аз емес, сәнге айналып үлгерді деуге болады.
Демек, латын әліпбиіне көшу – тарихи таңдау! Әлбетте, мұның орасан зор қауырт жұмыс, үлкен науқан екені анық. Оңай шаруа емес. Сарапшы мамандар талай шаруаны жасады. Әліпбидің бірнеше нұсқасы ұсынылды. Бірақ, соның ең соңғы, үшінші нұсқасы бүкілхалықтық талқылауда қолдауға ие болды. Яғни, әліпби ауыстыру демократиялық тұрғыда жүргізілді. Себебі, бұған дейін әліпбиін өзгерткен елдердің бірде-бірі халықпен кеңесіп, жалпыхалықтық талқыға салмаған болатын. Әрине, бұл жерде ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың еңбегін айтпай кетуге болмас. Мемлекет басшысының өзі бір нұсқа емес, бірнеше нұсқаның ұсынылуын, тыңғылықты саралаудың қажеттігін ерекше атаған еді. Әрі солай болды да. Латын әліпбиі біздің жыл санауымыздан 800 жыл бұрын, яғни үш мың жылға жуық уақыттан бері бар. Бірақ, әліпбиді жан-жақты терең талдаған мамандар елдің пікірін ескере келе, оқуға да, жазуға да ыңғайсыз әрі ғаламторда кілт сөздер іздеуге де қолайсыз апострофтан бас тартты.
Мінекей, ақыр соңында бүкілхалықтық талқылаудан соң ең ыңғайоы әрі қарапайым әліпби қабылданды. Алдыңғы қателіктің бәрі түзеліп, олқылықтар жойылып, кеңесіп жасалған әліпбиді кезең-кезеңімен енгізу көзделіп отыр. Тіл мамандары грамматиканы әзірледі. Осылайша, жаңа ғасырда қазақ тілі жаңаша түрленіп, үштілділікті енгізуге мол мүмкіндік беріп отыр. Қорыта келгенде, әліпбиді латынмен ауыстырғанда ұтатын тұстарымыз мынау. Бірінші, тіл тазалығы мәселесі. Тілдегі қазіргі жат дыбыстарды таңбалайтын әріптер қысқартып, қазақ тілінің табиғи таза қалпын сақтауға мүмкіндік туады. Екінші, қазақ тілін оқытқан уақытта басы артық таңбаларға қатысты емле, ережелердің қысқарып, барлық оқу ордаларында оқыту үрдісі жеңілдейді. Яғни, уақыт та, қаржы да үнемделеді. Үшінші, латын әліпбиіне өту – мемлекеттік тілдің халықаралық дәрежеге шығуына жол ашады. Төртінші, түбі бір түркі дүниесімен рухани, мәдени, ғылыми, экономикалық қарым-қатынасты, тығыз байланысты күшейеді.
Демек, латын әліпбиіне көшу тарихи шешім, заңды құбылыс. Сол себепті, латын әліпбиіне көшу – болашақ үшін қажет қадам, сүбелі таңдау!
01 қараша 2018 ж. 1 012 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области