Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » «ЖАС КЕЛСЕ, ІСКЕ»

«ЖАС КЕЛСЕ, ІСКЕ»


«Жас келсе, іске» демекші қажыр-қайраттың барында ел дамуына еңбек ету қажет. Өңірдің өсіп-өркендеуіне сүбелі үлес қосып, ауыл жастарының қоғам дамуына атсалысуна ынталандыру керек. Жастар арасындағы мәселелерді шешуде, оларды жарқын болашаққа жетелеуде өзгелерге үлгі көрсетіп жүрген сырдариялық Сәуле Сыздықова да тындырымды істер атқарып жүр.
Ол жастардың жұмысқа орналасуына ықпал етіп, кәсіптік бағдар беріп келеді. Қоғамда жастардың өсуіне септігін тигізу үшін ерікті түрде жұмыс жасап, олардың арасында кәсіпкерлік белсенділікті арттыру бойынша аудандағы құқық қорғау, денсаулық, білім, спорт, мәдениет және діни ұйымдармен, ҮЕҰ-мен бірлесіп белсенді жұмыстар жүргізеді. Жастарға жасаған игі істерінің нәтижесінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша ұйымдастырылған «Жомарт жүрек» жобасында Сырдария ауданынан «Ерен еріктілік» номинациясына ие болған.
Сәуле Сыздықова Сырдария аудандық «Мирас» жастар ұйымы» қоғамдық бірлестігінде үйлестірушісі болып қызмет атқару барысында жастарды жаңа позитивті қажеттіліктерді қалыптастыруды қолға алды. Сонымен қатар жастардың күш-жігерін дамыту мақсатында 40-тан астам әлеуметтік, спорттық, мәдени және қайырымдылық шаралар ұйымдастырған.
Сондай-ақ тұрғындар арасында діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу, діни тұрақтылықты сақтау, діни сауаттылықты арттыру және дінаралық татулықты ту еткен ауданымызда өзге дін өкілдерімен қатар өмір сүргенде бейбітшілікті, ымыраластықты, өзара татулық пен діни төзімділікті негізге ала отырып жұмыс жасады. Сонымен қатар, ауданымыздың өзге өңірлерде оқитын студенттер мен жұмыссыз жастарға дәстүрлі емес ағымдар және діни сауатты арттыру мақсатында ақпараттық-насихаттық жұмыстар жүргізген.
Қазіргі таңда Сырдария аудандық жастар ресурстық орталығының жастар маманы ретінде жастарға арналған мемлекеттік әлеуметтік бағдарламалардың іске асырылуына ақпараттық қолдауды қамтамасыз ету негізінде жұмыс жасап келеді.
Сонымен қатар жастардың проблемалары мен қажеттіліктерін анықтайтын ақпараттар жинауды жүзеге асыруда еңбек етіп келеді.
01 қараша 2018 ж. 1 439 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области