Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордада құтқарушылардың десанттық жаттығу жұмыстары жүргізілді (ФОТО)

Қызылордада құтқарушылардың десанттық жаттығу жұмыстары жүргізілді (ФОТО)

Kyzylorda-news.kz. Қызылордада Өрт сөндіру қызметінің құтқарушылары және кинологиялық есеп тобы «Қазавиақұтқару» АҚ қызметкерлерімен бірлесіп, десанттық жаттығу жұмыстарын жүргізді.

Жаттығу алдында МИ-8Т тікұшағының командирі құтқарушыларға қауіпсіздік ережесін сақтау, құтқару құрал-жабдықтарын тікұшаққа тиеп-түсіру жөнінде нұсқаулық өткізді. Тікұшақтан альпинистік құралдармен төмен түсу әуе кемесінің жерге қонуға мүмкіндігі болмаған жағдайда атқаратын құтқару жұмысының бірі. Сондықтан құтқарушылар өздерінің кәсіби дағдыларын ұдайы дамытып отырады.
Жаттығу барысында құтқарушылар тікұшақтан десанттық әдіспен түсу, апатты жағдайда қалған азаматтарды құтқару және іздестіру бойынша өз кәсіби шеберліктерін дәлелдеді.




08 қазан 2019 ж. 648 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области