Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » БІРЛІГІМІЗ ЖАРАСҚАН

БІРЛІГІМІЗ ЖАРАСҚАН

Облыстық дарынды балаларға арналған қазақ-түрік лицей-интернатында «Славяне» қоғамдық-мәдени орталығы концерттік бағдарлама қойды. «Русская ярмарка» атауымен лицейде өткен шара «Орыс тілі апталығына» арналды.
  Қыздарға арналған қазақ-түрік лицейінің тәрбиеленушілері жәрмеңке ұйымдастырып, келуші қонақтарды тәтті тоқаш және тұзды нандарымен қарсы алып, домбырада күй шертті. Орыс орамалы мен матрешканың тарихы туралы видеоролик көрсетті. Жаңылтпаш айтудан әдеби викторина ұйымдастырды. «Славяне» қоғамдық-мәдени орталығының жетекшісі Галина Сергеевна мен интернат-лицейдің жетекшілік өкілдері Қазақстан мен Ресейдің, қазақ және орыстардың ежелден келе жатқан достастығы туралы айтып өтті.
  Славян этномәдени бірлестігінің белсенділері ән айтып, би билеп, өлең оқып өнерлерін ортаға салды. Жиналғандардың алдында «Сударушки» вокалды тобы, «Жемчужинка» би тобы, жас таланттар Виктория Миклина, Валерия Фролова, Елена Павлова және тағы басқалар сахнаның көркін қыздырды.



20 сәуір 2018 ж. 974 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области