ҚЫР ЖАСТАРЫ ІІІ ИНТЕРНАЦИОНАЛ АУЫЛЫНДА

Келесі сапар Цай Ден Хак атындағы мәдениет үйінде жалғасты. Түрік пен кәріс ұлтының ұлттық тағамдарынан дәм татып, өзге ұлт өкілдерінен құралған концерттік бағдарламаны тамашалады. Болмысы бөлек, тілегі бір болған ауыл тұрғындарының ауызбіршілігі мен достығы берік екені айшықталып тұрғандай. Оны «Бади-Нұр» балабақшасынан да аңғару қиын емес.
Мұндағы басқа ұлттың бүлдіршіндері де бір үйдің баласындай тұлымшағы желбіреп ойнап жүр.
Қармақшы ауданы, ІІІ Интернационал ауылы