ТҰРҒЫНДАРҒА ҚАУІПСІЗДІК ЕРЕЖЕЛЕРІ ТҮСІНДІРІЛДІ

Қалалық және облыстық қоғамдық кеңес мүшелері Бархан Ахылбаев, Раушан Сарымсакова және Қызылорда қаласы төтенше жағдайлар басқармасының бас маманы азаматтық қорғау капитаны Бейбітхан Спанова қатысып газбен жабдықтау жүйелері үйлердің қауіпсіздігі жөніндегі талаптарды және жалпы ережелер айтып өтті.
ҚР Үкіметінің 2014 жылғы 9 қазанындағы №1077 қаулысымен бекітілген «Өрт қауіпсіздік қағидалары» талаптарына сәйкес тұрғын ғимараттар мен жеке меншік тұрғын үйлер, ҚР Үкіметінің 2014 жылғы 16 қаңтардағы №14 қаулысымен бекітілген «Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар» техникалық регламентінің талаптарына сәйкес тұрғын үйлер мен ғимараттарды ұстау тәртібін түсіндірді, қазандықты жобалау, салу және орналастыру кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында қолданылатын «Қазандық қондырғылары», «Газ тәрізді және сұйық отынмен жұмыс істейтін шағын метражды жылыту қазандарына арналған технологиялық жобалау нормалары. Өртке қарсы талаптар және т.б. газбен қамтамасыз ету саласындағы басқа да құқықтық-нормативті актілер туралы түсіндірілді. Тұрғын үйлердің қауіпсіздігі бойынша өзекті мәселелерді айтып өтті.