Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордада ірі мөлшерде есірткі тасымалдаған адам сотталды

Қызылордада ірі мөлшерде есірткі тасымалдаған адам сотталды

Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысы Жаңақорған аудандық соты ірі мөлшерде есірткі тасымалдаған адамға қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Аталмыш оқиға Жаңақорған ауданының Бірлік ауылы аумағында орын алған. Жергілікті полиция қызметкерлері ауыл орталығынан шығып келе жатқан автокөлікті тоқтатты. Автокөлікті тексеру барысында оның ішінен ерекше иісі бар жасыл түсті затты байқап қалады.
«Ол зат жүргізуші орындығының астынан табылды. Шөп ұнтағына тиісті сараптама тағайындалды. Қорытынды бойынша полиэтилен пакетке салынған ұнтақ салмағы 1268,92 келіні құрайтын марихуана екені анықталды», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Аталған дерек бойынша күдіктінің үстінен ҚР Қылмыстық кодексінің 296-бабының 4-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу-тексеру амалдары жүргізілген. Аудандық соттың үкімімен күдікті 3 жылға бас бостандығынан айырылды.

07 маусым 2019 ж. 420 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области