Қызылордада биыл инвестиция көлемі артты
Kyzylorda-news.kz. Биылғы жылдың алғашқы жартыжылдығында негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 180235 млн теңгені құрады, деп хабарлайды облыстық статистика департаментінің баспасөз қызметі.

Аталған көрсеткіш өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 2 есеге артық.
Биыл қаңтар-маусым аралығында шаруашылық жүргізуші субъектілердің меншікті қаражаттары инвестициялардың басым көздері болып қалуда, олардың көлемі 153 090 млн теңгені құрады.
Қаржыландыру көздері бойынша негізгі капиталға салынған инвестициялар
| 2019 жылғы қаңтар-маусым | ||
| млн.теңге | үлес салмағы пайызбен | |
| Негізгі капиталға салынған инвестициялар | 180235 | 100,0 |
| соның ішінде келесі қаражаттар есебінен: мемлекеттік бюджеттен | 16731 | 9,3 |
| меншікті қаражаттар | 153090 | 84,9 |
| банктердің кредиттері | 4344 | 2,4 |
| басқа да қарыз қаражаттар | 6070 | 3,4 |
2019 жылғы қаңтар-маусымда өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда ғимараттар мен имараттарды салу және күрделі жөндеу жумыстарына салынған инвестициялар 1,9 есеге көбейгені байқалды.
Технологиялық құрылым бойынша негізгі капиталға салынған инвестициялар
жалпы көлемге пайызбен
| 2019 жылғы қаңтар-маусым | 2018 жылғы қаңтар-маусым | |
| Негізгі капиталға салынған инвестициялар | 100,0 | 100,0 |
| соның ішінде: | ||
| үйлер мен ғимараттарды салу жәнекүрделіжөндеужұмыстары | 67,8 | 72,4 |
| машиналар, жабдықтар, көлік кұралдары, құрал-саймандар | 24,3 | 12,9 |
| өзге де күрделі жұмыстар мен шығындар | 7,9 | 14,7 |

























